Ұлы Отан соғысы жылдарында аянбай ерлік көрсеткен батыр бабаларымыздың есімін құрметтеу, адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатында мерзімді басылымдар секторында «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжінің МК-13-1 топ білімгерлері мен топ жетекшісі Шинетова Жанар Шокпаровнаның қатысуымен «Ерлік жыры-елдіктің ескерткіші» тақырыбында соғыс ардагері Мүтәліп Ережепбаевпен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Comments05.05.14 жылы №13 орта мектебінің 4 «Ә» сынып оқушыларымен Қазақстан Қарулы күніне арналған ерлік сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты:
CommentsХалық батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолынан, ерлік істерінен мәлімет беру, халқымыздың ерлік дәстүріне, отан сүйгіштікке, адамгершілік, патриоттық сезімдерін ояту, Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадір тұту, оқушыларға батырдың өмір жолымен, мәңгі өшпес ерлігімен таныстыру мақсатында №13 орта мектебінің 6 сынып оқушыларымен «Аты аңыз, сөзі нақыл, өзі батыр-Бауыржан» тақырыбында әңгіме-презентация ұйымдастырылды.
CommentsБалалар әдебиетінің классигі - К.Чуковскийдің «Дәрігер Айболит» атты ертегісінің қойлымын балаларға көрсетіп, балаларды адалдыққа, мейірімділікке, кіші пейілділікке, адамгершілікке, адал достыққа тәрбиелеу. Кітап балалардың дүниетанымын кеңейтіп, рухани жан дүниесін оятатын рухани құрал екенін түсіндіру. Балаларды кітапты қастерлеп, ертегіні сүйіп оқып өсуге тәрбиелеу, және өз ой-өрістерін дамытуды түсіндіру. 2014 жылы Корней Чуковскийдің «Дәрігер Айболит» атты ертегісіне 85 жыл толуына орай, кітапханада кішігірім ғана драма қойылымы қойылды. Ертегіде мейірімді дәрігер Айболит аңдардың бәріне қол үшін беріп, емдеп жазады. Оған ормандағы барлық аңдар, құстар, түлкі, доңыз, аю, қасқыр, қоян және т.б. аңдар келіп емделеді.
Comments