Қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына орай «Промелькнувший метеор» атты тарихи портрет өткізілді. Кітапханашы Шоқанның балалық шағы мен кадет корпусындағы оқыған жылдары жайында айтып берді. Қатысушылар ғалымның Ыстықкөлге, Құлжаға, Қашқарияға сапарларын қызығушылықпен тыңдады. Сонымен қатар оның Достоевскиймен достығы жайында да айтылды. Білімгерлер Шоқанның артына өшпестей мұра қалдырғанын тереңірек білді. Іс-шара соңында Стрелковтың «Чокан Валиханов», Мұқановтың «Промелькнувший метеор», Бегалиннің «Чокан Валиханов» және т.б. кітаптарға шолу жасаумен аяқталды.
Comments1961 жылы 12 сәуірде адамзат баласы ғарышты игеруді бастады. Ұшқыш-ғарышкер Алексей Леонов 1965 жылы 18 наурызында «Восход-2» космос кораблімен космосқа ұшты. Ол космос кораблінен дүние жүзінде тұңғыш рет ашық космосқа шықты. Балалар осы тарихи әңгімені презентацияның көрсетілуі арқылы тыңдады. А.Леоновтың ғарышқа ұшу сапарынан кейінгі салған суреттерін оқушылар тамашалады. Оларда табиғат пен ғарыштың көрністері, қиялғажайып суреттер, достарының суреттері салынған. Іс-шара соңында мына кітаптарға шолу жасалынды: А.Леонов «Выхожу в космос», «Загадки звездных островов», «Космическая гавань», В.Степанов «Юрий Гагарин», А.Волков «Королев» және т.б.
Comments7 сәуір - Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай оқу залы №13 мектептің 10 сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен «Нашақорлық – қоғамдық дерт» тақырыбында денсаулық сағатын өткізді.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының кітапханашысы А. Дүйсенованың ұйымдастыруымен оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту мақсатында «Мейірім» мектеп-интернатының 10-сынып оқушыларының қатысуымен «Темекі тартқаның, өзіңді құртқаның» тақырыбында салауаттылық сағаты өткізілді.
Comments