Қазақ балалар әдебиетінің ірі классиктерінің бірі - Сансызбай Сарғасқаевтың туғанына 90 жыл толуына орай Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Сұлутөр бөктерінде» тақырыбында әдеби круиз өткізді. Сансызбай Сарғасқаевтың кейіпкерлері көбіне ауыл балалары. Ол жас жеткіншектердің ой-арманы, қоғамдық пайдалы істері, өнер-білімге деген құштарлығы, бір-біріне адалдығы, достық қарым-қатынасы жайлы жаза отырып, жас ұрпақты адамгершілікке, шыншылдыққа, қайырымдылыққа баулиды. Міне осындай керемет шығармаларға арналған әдеби крузде кітапханашы ұлы Жамбыл жерінің тумасы жерлесіміз С.Сарғасқаевтың «Жұмбақ қыз», «Тәмпіш қара», «Алға командир», «Сынған тіс» және «Сұлутөр» сияқты туындыларына ерекше саяхат жасады. Жазушының Сұлутөр бөктерін сипаттайтын әр шығармасындағы қызықты оқиғаларға балалар бірге қатысқандай көңіл күйде болды. Іс-шара соңында «Туған өлке мақтанышы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының кітапханашысы Анар Дүйсенова мен «Мейірім» мектеп-интернатының кітапханашысы Карима Мажиттің ұйымдастыруымен халық батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолынан, ерлік істерінен мәлімет беру, халқымыздың ерлік дәстүріне, отансүйгіштікке, адамгершілік, патриоттық сезімдерін ояту, Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадір тұту, оқушыларға батырдың өмір жолымен, мәңгі өшпес ерлігімен таныстыру мақсатында Б. Момышұлының 105 жылдық мерейтойына орай «Ерлігі елге өнеге, ер Бауыржан» тақырыбында әдеби микс өткізілді.
CommentsАбай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының кітапханашысы А. Баймағамбетова, Ы. Алтынсарин атындағы № 49 мектептің 8-сынып оқушылары, ұстаздар мен мектеп кітапханашыларының қатысуымен Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру, Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру, жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу мақсатында «Абайды оқы, тәлім ал» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының меңгерушісі А. Баймағамбетова М.Әуезов атындағы № 33 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі А. Бегимбаевамен бірлесе отырып 6-7 сынып оқушыларының арасында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына байланысты Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу мақсатында «Ұлы жолдың басталуы» атты хронологиялық әңгіме өткізді.
Comments