«Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым» 4 маусым - Рәміздер күні! этно - саяхат «Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым» 4 маусым - Рәміздер күні! этно - саяхат Елтаңба,Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін арттыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына адал қызмет етуге, елінің Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қастерлеп құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында мерзімді басылымдар секторында №13 орта мектебінің лагерь оқушыларының қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым» тақырыбында этносаяхат өткізілді.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының ұйымдастыруымен 9 – маусым күні № 33 мектептің жазғы лагер балаларымен «Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің» тақырыбында ойын-викторина өткізді. Ойын-викторина балалардың дұрыс демалуына көмектесу, олардың ой қабілеттерін кеңейту, кітаптардың көмегімен қызықты іс-шаралар арқылы жазғы демалысты мазмұнды етіп өткізу.
Comments1 маусым – балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының ұйымдастыруымен 10 - 11 жас аралығындағы «Әрқашан күн сөнбесін» атты балаларға арналған асфальтта сурет салу байқауы болып өтті.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының ұйымдастыруымен №49 орта мектептің жазғы лагерь балалары мен ұстаздары арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына байланысты «Бәріміз біргеміз – берік іргеміз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Ертегілер елінен келген қонақтар балаларға сұрақтар қойып, ойын ойнатты. Мерекелік шараға белсене қатысқан оқушылар марапатталып, тәттілер таратылды. Мереке соңында кітапханашы «Балдырғаным, гүл еркем» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Comments