Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдағы рөлін, қызметін жан-жақты терең зерттеу, тану, келешек жас ұрпаққа насихаттау мақсатында абонемент бөлімі Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 мектеп – гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларымен «Азаттық таңын аңсаған Алаш арысы» атты әдеби кеш өткізді.
Comments«Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі»
Жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, отаншылдық тәрбие бере отырып, халқымыздың басынан өткен қатпарлы тарихын ден қойып оқуға тәрбиелеу. Оқушылардың өз халқының тарихын меңгеруіне ықпал ету.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы Ұлт-азаттық көтеріліске-100 жыл толуына орай №13 мектептің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақтық пен азаттық» тақырыбында тарихи сағат өткізді.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторында «Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің отаршылдыққа, империализмге қарсы сипатын және ұлт-азаттық соғысқа ұласқанын түсіндіру. Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтеріліске талдау жасап, топтамалар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту. Жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, отаншылдық тәрбие бере отырып, халқымыздың басынан өткен қатпарлы тарихын ден қойып оқуға тәрбиелеу.
Comments