Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен балалардың денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге, ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің тиімді әдістерін меңгеруге, достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға тәрбиелеу мақсатында «Біз бақытты балдырған» атты мерекелік кеш кітапхана алаңында өткізілді.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының абонемент және ақпараттық-библиография секторларының ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының ескерткішінің жанында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты «Талайдың түбіне жеткен отыз жеті» атты тарихи танымдық кеш өткізілді.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының кітапханашылары және «Мейірім» мектеп-интернатының кітапханашысы Карима Мажиттің ұйымдастыруымен Халық батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолынан, ерлік істерінен мәлімет беру, халқымыздың ерлік дәстүріне, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелей келе патриоттық сезімдерін ояту. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадір тұтып, оқушыларға батырдың өмір жолымен, мәңгі өшпес ерлігімен таныстыру мақсатында Б. Момышұлының 106 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың батыр ұлы-Бауыржан» тақырыбында ерлік сағаты өткізілді.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 2016 жылдың 18-ші мамыры күні сағат 11-00 де №49, №42, №33, №12 орта мектебінің 8-9-10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналған жалпықазақстандық ашық диктант ұйымдастырылып, өткізілді.
Comments