Көсемәлі Сәттібайұлының 65 жылдығына орай "Кітап жабылады - оқиға жалғасады" фанфик әдеби байқауының іріктеу кезеңі басталды.
Comments«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейімді балалар ауруханасының 7-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапхана қызметкерлері оқырмандардың жас ерекшеліктеріне байланысты Ш.Айтматовтың «Қызыл алма», Джек Лондонның «Тектік сарын» шығармалары мен «Қозы Көрпеш», «Ұлы дала мемлекеттері», «Керей мен Жәнібек», «Қырық өтірік», «Тазша бала», «Super-Мен.4-кітап. Мансұрдың ерлігі», «Ертөстік» және «Сиқырлы скрипканың ертегілері» кітаптарын ұсынды.
Аталған кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқырмандардың қолына оқуға қалдырылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=8#sigProGalleriac1bcf5f6b4
Балалардың теннис спортына қызығушылығын арттыру мақсатында Төле би атындағы № 8 гимназия оқушысы Жанат Елдардың қатысуымен «Теннис-өмірді ұзартатын спорт» атты сұхбат өткізілді.
Іс-шара барысында Елдар тенниске деген қызығушылығы қалай оянғанын, жеткен жетістіктері мен болашақта алға қойған мақсаттары туралы айтып берді.
CommentsЖасөспірімдердің өзіне деген сенімін арттыру, өмірлік мақсаттарды анықтауға көмектесу мақсатында «Тәлімгер кемесі» бағдарламасы аясында «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Сенімділік пен өзіңдік тиімділікті бағалау» сұрақтар тақтасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар сұрақ-жауап, пікір-талас, интерактивті жаттығуларға белсенді атсалысып, өздерінің әртүрлі сенімсіз жағдайларды елестетіп,қалай әрекет ететінін көрсете білді.Сондай-ақ түрлі мотивациялық кітаптарға шолу жасалынды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=8#sigProGalleria32ad4c1718