«Ертеңінді ойласаң – есірткіге жолама»
акция
26 маусым Халықаралық есірткіге және есірткі саудасымен күрес күніне орай оқырмандарды адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға шақыру мақсатында «Ертеңінді ойласаң – есірткіге жолама» акция ашық аспан астында өтті. Акция барысында оқырмандарға адам денсаулығының қымбаттылығын ұғынып, оның бағалы байлық екендігін түсіндірілді. Оқырмандар есірткі туралы өздері жинаған мәліметтерін ортаға салды. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған. Есірткінің зияны мен зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау - білімділіктің, көргенділіктің бейнесі. Әрбір жас: ең алдымен, құқықтық сауатты мәдениетті, есірткіге тәуелді көріністерді ажырата білетін, «нөлдік» төзімділігі қалыптасқан, білімді, бәсекеге қабілетті болуы, азаматтық ұстанымы айқын тұлға болуға міндетті екендігі айтылып, есірткі дертінен арылып, әлемдегі дамыған алдынғы қатарлы елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосатындары жайлы айтып, көше жүргіншілеріне, мекеме орындарына арнайы парақшалар таратты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=688#sigProGalleriab1cd60b60e
«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі»
ақпарат сағаты
Оқырмандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты жастайынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне, төзбеушілік қатынастар құндылығына тәрбиелеу, және оны бойларына сіңіру мақсатында кітапханада «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» ақпараттық сағат өткізілді.
CommentsД.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы, Халықаралық Д.А.Қонаев қорының облыстық бөлімшесімен бірлесе отырып Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жазушы-журналист, аудармашы, драматург, көптеген нәзира жырлардың авторы, ақын, көркем публицист Арғынбай Бекбосынды зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел басында еске алу кешін өткізді. Іс-шараны Д.А.Қонаев қорының төрағасы Амангелді Кәрентаев ашып, жүргізіп отырды. Еркімбек Солтыбаев бастаған Облыс ардагерлері мен Баттал Жаңабайұлы, Сәттар Жанәбілев,Қасымхан Тулендиев сынды ел ағалары, Қайырбек Асанов, Көсемәлі Сәттібайұлы, Құрманғазы Демешев, Есет Досалыдай жазушы, журналист-ақындар және тағы да басқа көптеген жақсылар мен жайсаңдар Ар-Ағаның руxына арналып оқылған Құранға қол жайысып, марқұмның ұрпақтары мен туған-туыстарына өздерінің алғысын білдірді. Ақынның өмір жолына байланысты «Ардың жүгін арқалаған...» кітап көрмесі ұйымдастырылып, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, мүшелері Нәрейім Сейдуалиев, Амангелді Кәрентаев т.б. жазушы-драматург жайлы естеліктерімен бөлісті. Іс-шара жергілікті «Jambyl»телеарна бойынша ақпараттандырылды. «Ақ жол», «Ар-Ай», «ҒұмырДария» облыстық мерзімді басылымдарда да арнайы мақалалар жарық көретін болады.
Comments
Жас журналист – жас тілші»
кездесу кеші
28 маусым– Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін журналист мамандығын насихаттау мақсатында «Жас журналист - жас тілші» кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесуге Арайлы Жақсылық пен Арайлым Шабденова – Жамбыл-Тараз газетінің тілшілері, Шапағат Әбдірұлы – «Ар-Ай» газетінің тілшісі және Есен Өтеулиев – Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы арнайы шақырылды.
Comments