Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы биыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абайды оқы – таңырқа» атты кітап көрмесін қолға алып отыр. Көрмеде Абай Құнанбайұлының өлең жинақтары, хикмет кітаптары, қара сөздері, жалпы шығармашылығы көрініс тауып отыр. Сондай-ақ, бұл көрмеден ұлы кемеңгердің өмір жолы мен шығармаларына арналған ғалым-жазушыларымыздың зерттеулері мен еңбектермен таныса аласыздар. Көрме жыл бойы кітапханаға келушілерге қызмет көрсетеді. Және де Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай биыл жарыққа шығатын барлық жаңа дүниелер ең бірінші кезекте осында қойылып, оқырман қауымға таныстырылатын болады. Мұндағы мақсат – Абаймен танысам, зерттеймін, философиялық ойлары мен құнды мұрасын көңілге тоқимын дейтін көпшілікке тиісті жағдай жасау. Соның ішінде, келешек ұрпақ – Қазақстанның болашағы жастарға Абайды таныту, қызығушылығын ояту, ақынның шығармашылығы арқылы дұрыс тәлім-тәрбие беру. Және тек жастар емес, облысымыздың кез-келген тұрғыны осы біздің кітапханамызға келіп, көрменің жұмысымен танысуына мүмкіндігі бар.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=680#sigProGalleria417a42c901
«Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте»
жас зерттеушілер арасында өтетін
«Өндірістің өзегі - Атамекен» облыстық байқау
Өлкені насихаттау, жергілікті кәсіпорындар мен өнеркәсібін зерттеу, жастардың интеллектуалды шығармашылық даралығын, танымдық қабілетін жетілдіру, ғылымизерттеу жұмыстарын жазуға қызығушылығын арттыру мақсатында«Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» жас зерттеушілер арасында өтетін «Өндірістің өзегі - Атамекен» облыстық байқау өткізілді.
Байқау ой-өрісі, қызығушылығы, ынталы, өздігінен жұмыс жасай алатын, білімге құмарлығы жоғары дамыған, төзімді, ізденімпаз 15-25 жас аралығындағы зерттеушілерге арналған.
Әр қатысушы туған жерінің дамып келе жатқан өндірістің тарихын зерттеп, алдына қойған жоспарлары туралы мәлімет берді. Жамбыл ауданынан Алипчеева Махаббат “Asa Damu” құс фабрикасын зерттесе, Жуалы ауданынан Сәулебек Ағжан«Бурное сүт компаниясы» ЖШС-ті ұсынды. Қордай ауданынан Кумисбеков Тимур жеке «Timurbakery» кондитерлік студиясын таныстырса, Байзақ ауданынан Айтбекова Арайлым «Халық бейнесі – ұлттық киім» тақырыбында тігін цехты зерттеді. Шу ауданынан Сагынтай АружанТОО «Сити пласт» пластикалық терезелер өндірісі туралы баяндады, алСарысу ауданынан Түйсенбай Жансая«Асыл тұз» тұз зауытын таныстырды.
Байқау барысында жас зерттеушілердің жұмыстары әділ-қазылар алқасының отырысында талқыланып, тақырыпқа сай болуына, жаңа технология арқылы көркемделу ерекшелігіне, презентацияның дизайнына, тақырыпты жан-жақты ашылуына қарай бағаланды. Сонымен қатар қатысушының өзіндік даралығы мен жаңашылдығы, бірегейлігі мен ерекшелігі көзге алынды.
Байқау соңында үздік танылған зерттеу жұмыстарына «Жұмыстың ең үздік презентациясы үшін» Қордай ауданынан Күмісбеков Тимур, «Ең үздік зерттеуші» Жамбыл ауданынан Алипчеева Махаббат және «Тақырыпты нақты ашқаны үшін» Шу ауданынан Сағынтай Аружан номинациялар бойынша арнайы дипломменмарапатталып, бағалы сыйлықтаралды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=680#sigProGalleria3352337cf3
«Кітапхана және жастар: үміт, тілек, арман»
«Кітапхана - 2019» квест-шоу
30 қазан күні Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітапхана және жастар: үміт, тілек, арман» «Кітапхана - 2019» квест-шоуы өтті. Мақсаты – оқырмандарды еңбекқорлыққа, мақсат қоя білуге, ана тілін, туған елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу; жастарға кітап арқылы ойлау, армандау көкжиегін дамыту; ғылым мен білімге деген қызығушылықтарын ояту; ел үмітін ақтар жас кәсіпкерлерді, ақын-жазушыларды, әр саланың жас мамандарын таныту; кәсіби ынтымақтастық құрылымдарда қоғаммен байланыс жасау, сонымен қатар жастардың бос уақыттарын мазмұнды өткізуге жаңашылдық іздеу.
Кітапхана 2012 жылдан бері кітапхана түні мерекесін дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Биылғы кітап түні Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, Жамбыл облысының 80 жылдығы және «2019 жыл - Жастар жылы» аясында ұйымдастырылды. Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасының «Мәдениет және өнер» бөлімінің бас маманы Ж.Н.Құттыбаеваның құттықтау сөзімен ашылып, қазіргі заманғы технологиялар, өзекті трендтер мен жаңа көзқарастар таратуға және білім алуға арналған кітапхананың 4 алаңында іс-шаралар ұйымдастырылды.
Кітапхана алдындағы алаңда «Туған жерге деген сүйіспеншілікпен» музыкалық квест өту барысында «Сувенир» ансамбльнің жанды дауысты музыкалық сүйуемелдеуімен Сарымолдаев атындағы балалар үйінің жас тәрбиеленушілері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары ән айтып, би билеп өнерлерін көрсетті. Әр түрлі номинациялар бойынша алғыс хатпен марапатталды.
Кітапхананың дәлізінде «Сүйікті қалама тарту» жас суретшілердің жұмыстарынан жасақталған арт-көрмеде қылқалам шеберлері «Туған жерім» тақыбында түрлі қол өнер техникалары қолданылған суреттерін ұсынды.
Білім орталығында өңіріміздің жас кәсіпкерлер мен әр саланың жас мамандарының қатысуымен «Жастар идеясы–болашақтың кепілі» ток-шоуы өткізілді. Құрметті қонақтар арасында Жуалы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Әбдібайытов Ермек, Жуалы ауданы Шақпақ ата ауылының жас кәсіпкері Пернешов Еламан, «Ажур» шығармашылық студиясының жетекшісі Махмадулоева Дилафруз, және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Оразбек Әсел шақырылды. Әр саланың мамандары өздерінің жетістіктеріне жеткен жолдарымен, мамандықтарының қыр-сырларымен бөлісті. Ток-шоу барысында еркін әңгімелесіп, түрлі ойындар ойнатылды. Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа», - дегендей, қонақтар кітапхана ұжымына алғыстарын білдіріп, жастарды армандауға, мақсат койып, еңбек етуге жігерлендірді. Кездесу соңында қонақтар мен жастар сыйлықтармен марапатталды.
Оқу залында жас ақын-жазушылар мен жастар орталығының басшылары қатысуымен «Ұранды елдің ұрпағы – қайсар жастар» кітапханалық библиосейшн өткізілді. Кездесуге ТарМУ-дың жастар ұйымының төрағасы Айбек Қадыралиев бастаған жас ақын білімгері мен ТИГУ «Білім» факультетінің 2-курс білімгері, болашақ суретші Бақпан Дарын, ТАРПУ «Музыка» факультетінің 1-курс білімгері Пармен Жансерік, ТарМУ білімгері, ересектер арасында өткен Қазақстан чемпионатының 1-орын иегері Асан Нұржан мен жас ақын Кемелбек Әсел қатысты.
Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан білімгер жастарды №29 мектептің 11 - сынып оқушысы Ахметов Бейбарыстың орындауындағы тамаша әуенмен қарсы алынып, қатысушыларға арт-көрме ұсынылды. «Қар шиыршықтары», «Менің жағымды және жағымсыз жақтарым» ойын-тренингтері арқылы әрбіріміз әртүрлі адамдармыз, жан дүниемізде әртүрлі, біздің жүріп өтер өмір жолымызда әртүрлі болмақ ұғымы тұжырымдалып, бойдағы жағымсыз қасиеттерден арылу жолдары ұсынылды. Шара «Әдебиеттің алып бәйтерегі» танымдық ойынымен жалғасты. Жастар, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берді. «Сергіту сәтінде» кітаппен орындалатын түрлі жаттығу тапсырмаларын әсем әуен ырғағымен орындады. «Қазақстан жастары – білімді, жан-жақты әрі дарынды» бөлімінде жас ақындар, суретшілер, музыканттармен бірге сұхбат жүргізілді.
Оқуды қолдау, кітапқа деген қызығушылықты дамыту, сондай-ақ жаңа форматтағы бос уақыт өткізу формаларын ұсынуға бағытталған квест-шоуда кітапхана шығармашылық-демалыс аумағына айналды. Шараға қатысушылар тағылымды шарадан қызықты мәліметтерге қанығып, кітапхана ісіндегі жаңа бағыттармен танысты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=680#sigProGalleria434b350f09
25 қыркүйек 2019 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларын өткізетін облыстық орталықтың ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында «Рухани қазына» кіші бағдарлама аясында Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, республикалық әдеби конкурстардың алты дүркін, Халықаралық «Дарабоз» конкурсының екі дүркін лауреаты, 2015 жылғы Гран–при иегері, танымал шежіре танушы, Пернебай Дүйсенбиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Әлемді кітап арқылы танимын» көркем әдебиет туындыларын ең көп оқитын оқырмандар арасындағы облыстық байқау өтті.
Жас ерекшеліктеріне қарай 2 кезеңнен тұратын байқауға 7-10 жасқа дейінгі және 10-15 жасқа дейінгі оқырмандар қатысты.
Қатысушылар төмендегі талаптар бойынша сайысқа түсті:
1. «Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын». Сайыскердің өзін таныстыруы (2 мин).
2. «Пернебай Дүйсенбин – балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы». Жазушының балалар өміріне арналған көркем шығармаларынан, повестерінен, ертегілерінен, аңыздарынан, әңгімелерінен үзінділерді жатқа оқу немесе белгілі шығармалары негізінде сахналық үзінді қойылым кою (4 мин).
3. «Портрет галереясы». Портреттегі бейненің кім екенін табу (3 мин).
4. «Әдеби бәйге». Пернебай Дүйсенбин өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру.
Сарапшылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде оқырманның шығарманы таңдау талғамына, дауыс мәнеріне, тіл тазалығына, жан-жақты білімділігіне, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеттілігіне назар аударды.
Байқау нәтижесі бойынша 7-10 жас аралығында І орынды Жуалы ауданы №1 мектеп-гимназияның 2 сынып оқушысы Бауыржанқызы Мерей, ІІ орынды – Жамбыл ауданы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның 5 сынып оқушысы Әубәкір Зәуре, ал ІІІ орын – Талас ауданы Майтөбе ауылы Е.Бекмаханов атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Тезекбай Альбина иеленді. Сондай-ақ 10-15 жас аралығында І орын - Сарысу ауданы М.Әуезов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Тыныштықбай Елдос, ІІ орын – Жуалы ауданы Т.Әкімов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Шайдулин Тоғжан, ал ІІІ орын – Меркі ауданы №9 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Жақсылық Дианаға бұйырды.
Байқау соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталып, жазушы өз қолтаңбасы қойылған кітаптарын сыйға тартты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=680#sigProGalleriaf1b0a9bf09