15 ақпан Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күні «Ауғанның от - жалыны» әңгіме-сұхбат
Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20-ның арасындағы өрімдей жастар, бас-аяғы 22 мың Қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашан да бас иеміз. Осыған орай оқырмандарға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, сұхбаттасу, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету мақсатында «Ауғанның от жалыны» тақырыбында әңгіме сұхбат өткізілді.
Әңгіме-сұхбатымыздың қонақтары берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері, Ауған соғысының ардагерлері Абдулахапов Сухрабжан Махамаджанұлы және Рахымбердиев Ратхан Әуезұлы ауған соғысына қатысқаны және соғыс жайлы толық әңгіме-сұхбат жүргізіліп, Ардагеріміз болашақ жасатарға өз ақ тілегін білдірді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=652#sigProGalleria44616bbab4
Ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай Облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған "Жырлайды жүрек" атты ән-жыр байқауына қатысқаны үшін II орынды әріптесіміз Сағатбекова Нұргүлге бұйырды. Жеңісіңіз құтты болсын!
⠀Сізге осы қуанышты сәтте өмірде бақытты, ұжымда беделді, дос - жолдастарыңызға қадірлі де сыйлы болуды тілейміз!
Әрдайым жүзіңіз нұрға, өміріңіз жырға толып, алға қойған үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз.
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық - қуанышыңыз мол болсын!
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=652#sigProGalleria59dccddaeb
Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған, ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту, ақын өлеңдері арқылы оқырмандардың тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Поэзия тұлпары» әдеби караоке оқырмандар арасында сайыс өткізілді.
Сайыс үш кезеңге бөлінді:
- 1. «Библиошар» шардың ішінде М.Мақатаев өлеңдері жасырылған өлеңді жатқа оқу.
- 2.Ұяшық таңдау арқылы М.Мақатаев сөзіне жазылған әндерді караокемен орындау.
- 3. «Білім баспалдағы» сұрақтарға жауап беру.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=652#sigProGalleria79fe9d7fdf
«Халқын сүйген ұлы тұлға» Еске алу кеші
Аса көрнекті, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына - 109 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, «Халқын сүйген ұлы тұлға» еске алу кеші ұйымдастырылды. Еліміздің дамуына үлкен үлес қосқан тұлғаны еске алып, рухына тағзым етуге зиялы қауым өкілдері, Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қорының Жамбыл облыстық бөлімшесінің мүшелері, қала тұрғындары және кітапхана қызметкерлері жиналды. Жауапты қызметтерді абыроймен атқарған Дінмұхамед Ахметұлы өте парасатты, көреген саясаткер ретінде танылды. Н.Ә. Назарбаев «Дінмұхамед Ахметұлы – айрықша ардақтауға лайықты қарымды қайраткер. Сондықтан, біз оны Тәуелсіздікке дейінгі тарихымыздың тегеурінді тұлғасы деп бағалауымыз керек» - деп айтқан болатын.
Еске алу кешінің құрметті қонақтары Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қорының Жамбыл облыстық бөлімшесінің кеңесшісі Күздеубеков Жапар, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармонияның әншісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері - Шағырбаев Бақытұлы тұлға жайында әңгімелеп, оның өте кеңпейіл, сабырлы да салмақты, парасатты адам болғанын баса айтты. Мемлекет қайраткерінің өмір жолын терең біліп, Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтжандылық сезімін арттыру мақсатында кеш қатысушылардың назарына Д.А.Қонаевқа арналған «Адам - дәуір» кітап көрмесі таныстырылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=652#sigProGalleria53005a9949