Оқырмандарға Тәуелсіздіктің маңыздылығын ұғындыру, патриоттық тәрбие беру мақсатында 16 желтоқсан –ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – елімнің еркін жолы» тарихи бенефис өтті.
Іс-шара барысында оқырмандарға 1986 жылдың дүрбелеңге толы үш күн бойына болған оқиғаларға ақпарат беріліп, №62 орта мектептің оқырмандары патриоттық әндер орындап, өлең шумақтарын арнады.
Іс-шара соңында «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» кітап көрмесіне шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=4#sigProGalleriaa0e4fe5983
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Көсемәлі Сәттібайұлының 65 жас толуына орай жас талантты авторларды табу және қолдау, олардың әдеби шығармашыл құрдастарымен кездесуіне мүмкіндік туғызу мақсатында ұйымдастырылған «Көркем сөздің Көсемі» тақырыбында «Кітап жабылады - оқиға жалғасады» атты фанфик әдеби байқауы өтті.
Байқауға 67 үміткердің шығармашылық жұмыстары қабылданды.
Қазылар алқасы құрамындағы ақын, облыстық «Ақ жол» газетінің аға тілшісі Есет Досалы, жазушы, журналист Қамар Қарасаева үміткерлердің жұмыстарымен танысып, ақтық кезеңге 21 туындыларды іріктеп алды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде Тараз қаласы С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептің 9 сынып оқушысы Жұмабай Аружан - «Шаншарханның шыңдығы», І орынды №6 орта мектептің 8 сынып оқушысы Жеңісбекқызы Саяжан-«Бәйтерек», Сәмбетбай Әсем- «Сарыжайлау – Махаббат пен Табиғат.....!», № 44орта мектептің 7 сынып оқушысы Сағындық Асылы-«Елгезек бағдаршам, токқуат және басқалар», ІІ орынды № 44 орта мектептің 5 сынып оқушысы Төлен Анель-«Көкектің балапаны», №35 орта мектептің 8 сынып оқушысы Атабаева Сезім-«Бірлікті іздеген бала», №40 гимназиясының 7 сынып оқушысы Көркемжанқызы Амина- «Шарбақтының жалғызы», ІІІ орынды Жамбыл атындағы №5 гимназиясының 6 сынып оқушысы Рысқұл Айару-«Шеткері үйдің жарығы», №47 орта мектептің Балтабай Сәуле-«Ақпараттың ерлігі туралы әуезі», №16 орта мектептің 10 сынып оқушысы Маербек Дина-«Шеткері үйдің жарығы» иеленіп, Диплом алды. Ал, 9 үміткер Алғыс хатпен ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Іс-шарада Төле би атындағы №8 гимназиясының 2 «Ә» сыныбының оқушылары театр үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен «Елгезек бағдаршам» композициясы мен әндер орындады.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=4#sigProGalleriac0c2674cfa
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, жастарға құқықтық мағлұмат беру мақсатында «Жемқорлықпен күрес жолдары» атты ақпараттық сағат өткізілді.
№23 орта мектептің 8 сынып оқырмандарына тақырыпқа сай мәліметтер беріліп, сыбайлас жемқорлық ұғымы түсіндірілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың қоғамның қатерлі дерті екені аталып, қылмыстық тәртіп, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілері мен сыбайлас жемқорлықтың пайда болуымен күресудің әдістері талқыланды.
Іс-шара аяғында оқырмандарға сұрақ-жауаптар қойылып, «Жемқорлық – ғасыр дерті» кітап көрмесіне шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=4#sigProGalleria6ea71cc4f2
Д.А. Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары Жамбыл ТВ телеарнасының “Рауан” бағдарламасына “Ертегі әлемі” тақырыбында сұхбат берді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=4#sigProGalleriae4ca621aec