Нашақорлықтың адам денсаулығына, өміріне және әлеуметтік жағдайға тигізетін теріс әсерлерін көрсету, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес бағытында ақпараттандыру мақсатында «Нашақорлық-қоғам дерті» тақырыбында көрме ұсынылды.
Көрме барысында қатысушылар нашақорлықтың зиянды әсерлері туралы мол ақпарат алды. Барлық қатысушылар бұл көрмені жастар арасында жауапкершілікті арттыру мақсатында қажет деп бағалады.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=24#sigProGalleriab8653955ad
Оқырмандарға мамандық таңдау, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру, кәсіптік бағдар беру мақсатында «Болашаққа жоспар жаңа оқу орнымен» жобасы аясында «Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған «Білім инновация» лицей интернатының түлектері және №47 орта мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен лицейлер апталығының ашылуы өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға лицей-интернатының құрылу тарихы, оқыту деңгейлері, шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініш беру мерзімі, пәндер мен құжаттары таныстырылды және сабақтан бос уақытта ұйымдастырылатын іс-шаралар, байқаулар мен үйірмелер туралы толық ақпарат берілді.
Кездесу соңында оқырмандарға «Жақсы мамандық – жарқын болашақтың бастауы» кітап көрмесі таныстырылып, жадынама парақшалар таратылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=24#sigProGalleriad665b907df
Ауаның және судың ластануын азайту арқылы табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау, зиянды заттардың ауа мен суға түсуін азайту арқылы түрлі аурулардың алдын алу және түсіндіру мақсатында «Ауа мен суды ластамау үшін не істеу керек?» тақырыбы аясында №62 жалпы білім беретін мектептің оқырмандарымен сұхбат өтті.
Сұхбат барысында оқырмандарға мәлімет беріліп, бірнеше сауалдар қойылып, «Ауа және су – тіршілік көзі» кітап көрмесіне шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=24#sigProGalleria63a8dc0565
Отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқу мәдениетін арттыру, оқырмандарды оқуға және кітапханаларға тарту мақсатында «Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының 7-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ем алушыларға кітап туралы сауалнама жүргізіліп, «Біздің батыр бабалар», «Таңдалы ертегілер», «Патша шабарманы», «Робинзон Крузо», «Менің атым Қожа», «Атажұрт» және т.б көптеген кітаптар ұсынылды. Аталған кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқырмандардың қолына оқуға қалдырылды. Ата-аналары балаларының бос уақыты тиімді әрі сапалы өтілетініне ризашылықтарын білдірді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=24#sigProGalleriabbe07d038d