Мәдениетімізді кітаппен тығыз байланыстыру арқылы өңір тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Оқы! Таны! Біл!» әлеуметтік жобасы аясында кітапханада қала тұрғындарының назарына «Кел, бірге оқиық!» оқитын орындыққа мерзімді басылымдардан тұратын көрме ұсынылды.
Көрмеге кітапхана қорындағы жаңа мерзімді басылымдар: «Мөлдір бұлақ», «Балбұлақ», «Денсаулық», «Мәдениет», «Мурзилка», «АБВГД», «Мысль» журналдары әр оқырманның жас ерекшеліктеріне сай насихатталды.
CommentsОқырмандарға қаламыздың дарынды балаларға арналған оқу орындарды таныстыру, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру, кәсіптік бағдар беру мақсатында «Болашаққа жоспар жаңа оқу орнымен» лицейлер апталығы аясында Керімбай атындағы №12 гимназияның 6 сынып оқушыларына дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернаты туралы таныстырылым өтті.
Іс-шара барысында лицей-интернатының тарихы, емтиханда болатын пәндері, мерзімі, лицейдің тыныс-тіршілігі мен бос уақытында ұйымдастырылатын түрлі іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында оқырмандарға «Жақсы мамандық – жарқын болашақтың бастауы» кітап көрмесі таныстырылып, жадынама парақшалар таратылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=20#sigProGalleria9da1840bfd
Оқырмандарға ұлттық киімнің маңыздылығын түсіндіру, ұлттық киім тарихымен таныстыру, ұлттық киімді жастар арасында насихаттау мақсатында «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді.
Іс-шараға «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжі мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары, аталған оқу орындарының білімгерлері қатысты.
Шара барысында ұлттық киім, оның түрлері туралы көптеген ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді. Қонақтар тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұлттық киімді насихаттау жолында атқарып жатқан жұмыстары жайлы мәлімет берді.
«Зере» әжелер клубының мүшелері жас ерекшелікке қарай (жас қыздардың, келіндердің, апа-әжелердің) ұлттық киімдердің үлгісін көрсетті.
«Ұлттық киім – асыл мұра» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=20#sigProGalleria2f7f994dc4
Оқырмандарға мамандық таңдау, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру, кәсіптік бағдар беру мақсатында дарынды балаларға арналған IT лицей-интернат директордың биендік жөніндегі орынбасары Ажибаев Жамбыл Қуандықұлы және №32 орта мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен лицейлер апталығының екінші күні өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға лицейдің құрылу тарихы, оқыту деңгейлері, шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініш беру мерзімі, мектеп тарапынан ұйымдастырылатын байқаулар, үйірмелер, түрлі іс-шаралар туралы толық ақпарат берілді.
Кездесу соңында «Жақсы мамандық-жарқын болашақтың бастауы» кітап көрмесіне шолу жасалып, лицейдің жарнама парақшалары таратылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=20#sigProGalleria36f019b6d6