«Балалық шақтың бал күні» Мерекелік шоу
-->Арманы бір, үні бір Аға ардақты, іні гүл Бақыт туын көтерген Балалардың күні бұл
Елімізде жыл сайын 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні кеңінен аталып өтуде. Бұл күні балалар қуанатын болса, ал үлкендер үшін осы күн балалар әрдайым қамқорлықта болып, қорғалу тиіс қажеттілігін есіне салып, олар өскелең ұрпақтың болашағы үшін жауапты екендігін еске салатын күн. Ол 1949 жылғы қараша айында Халықаралық Демократиялық әйелдер федерациясы сессиясының шешімімен «Балаларды қорғау күні» болып белгіленді. Ең алғашқы Балаларды қорғау мерекесі 1950 жылы өткізілді. Балаларға бақыт сыйлау әрбіріміздің ортақ мүддеміз. Осы мақсатта жас оқырмандарды бірлікке, татулық пен достыққа шақыру, сондай-ақ кітапханаға баулу мен кітаптарды насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 31.05.2013ж. сүйкімді мен сүйікті бүлдіршіндермен «Балалық шақтың бал күні» мерекелік шоу өтті.
Comments2013 жылдың 29-мамырда Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына №9 балабақшаның «Даярлық» тобы «Қош келдің, Бүлдіршін!» тақырыбында саяхат жасады.
Comments2013 жылдың 23-мамырында балалардың кітапқа деген қызығушыылықтарын арттыру; қазақ ертегілері арқылы баланы әдептілікке, жақсы мен жаманды айыра білуге, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу; сахна мәдениетін үйрету мақсатында бүлдіршіндер секторы жаныннан ашылған «Жас таланттар» үйірмесі мүшелерінің қатысуымен «Түлкі мен Бөдене», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегілерінің қойылымы өтті.
Comments23.05.2013жылы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапхансында жастарды Қазақстандық отансүйгіштікке, қажырлы еңбекке тәрбиелеу, шығармашылық пен кәсіпкерлікке баулу, «Рысбаева және Ко» ЖШС-нің директоры Сәуле Рысбаеваның үлгілі кәсіпкерлік жолы мен әдебиетке, шығармашылыққа қосқан үлесін насихаттау және балалар ақыны Н.Корончуктің шығармашылығы мен әдебиеттерін танымалдандыру мақсатында кітапханамызда ТАРМУ мен «Аспапа» коледжінің білімгерлері және №13 мектеп оқушыларының қатысуымен С.Рысбаеваның «Елбасымен жеті рет жүздесу» кітабына тұсаукесер рәсімі өтті.
Comments