«INSTA-АҚЫН: Жамбыл бүгінде өзінің инстаграмында не жазар еді?» облыстық видео-эссе байқауына қатысып, ерекше эстетика мен креативті стиль көрсете білгені үшін кітапхана қызметкері Азимбаева Рауана Бахытжанқызы «Үздік визуал» номинациясымен марапатталды.
http://jobjk.kz/kz/?start=60#sigProGalleria0d60b88d20
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, тарихи тақырыптарды терең меңгерген, өз шығармаларында халықтың өткені мен бүгінін сабақтастыра отырып, ұлттық рухты, ел тағдырын көркем тілмен бейнелей білген жазушы Софы Қалыбекұлы Сматаевтың өмірі мен қызметін таныстыру, мақсатында Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Рух пен сөздің үйлесімі» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, шығармаларынан үзінділер оқылып, оқырмандар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды.
Тақырыпқа сай кітап көрмесіне шолу жасалып, қатысушылар сұрақтарға жауап беріп жазушы туралы өз ойларын ортаға салды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://jobjk.kz/kz/?start=60#sigProGalleria0392a52f69
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, «Мейірім» мектеп-интернатының 4-сынып оқушыларымен жас оқырмандарды әдептілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа баулу, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру мақсатында «Денсаулық – өмір айнасы» тақырыбында эстафеталық ойын өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар денсаулықтың адам өміріндегі орны туралы мағлұмат алып, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау, спортпен айналысудың пайдасы жөнінде әңгіме өрбітілді. Сонымен қатар, түрлі қимыл-қозғалыс ойындары арқылы балалардың ептілігі, шапшаңдығы, ұйымшылдығы сынға түсті.
Балалар «Алғыр» және «Бәйге» топтарына бөлініп, әртүрлі қызықты эстафеталық жарыстарға белсене қатысты. Әр кезеңде оқушылар өздерінің жылдамдықтарын, тапқырлықтарын көрсетіп, топ намысын қорғауға тырысты. Эстафеталық ойын оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://jobjk.kz/kz/?start=60#sigProGalleria2e86cffb65
Халықаралық балалар кітабы күні – балалар әдебиетіне деген сүйіспеншілікті арттыратын ерекше мереке. Бұл күн 1956 жылдан бері әлемге әйгілі дат жазушысы, ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай аталып өтеді.
Осы айтулы күнге байланысты Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітапхана – табысқа апарар жол» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, олардың білімге құштарлығын ояту және кітап оқудың маңызын түсіндіру.
Көрме бірнеше бөлімнен тұрды: «Ертегілер еліне саяхат», «Бәрін білгім келеді», «Кітап – менің досым». Бұл бөлімдерде балаларға арналған көркем әдебиеттер, суретті ертегілер, панорамалық кітаптар, сондай-ақ жан-жануарлар мен табиғат туралы қызықты энциклопедиялар ұсынылды. Кітапханашылар әр бөлім бойынша мазмұнды шолу жасап, балаларға кітаптардың ерекшеліктерін таныстырды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында кітапты күтіп ұстау ережелері түсіндіріліп, оқырмандарға кітапқа ұқыптылықпен қараудың маңызы айтылды. Балаларға арналған қызықты, шағын әрі танымдық кітапшалар да ерекше қызығушылық тудырды.
Іс-шара соңында көрме балаларды білім мен қиял әлеміне жетелеп, табысқа жетудің алғашқы қадамы – білім мен кітап екенін ойын түрінде жеткізді. Түрлі-түсті, мазмұны бай, интерактивті кітаптар арқылы оқырмандар ерекше әсер алып, кітап оқуға деген ынталары арта түсті.
http://jobjk.kz/kz/?start=60#sigProGalleria23cb974124






