детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 36 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023308
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
94
501
1080
2037
13051
982512
1023308
Ваш IP: 3.14.246.254
Время на сервере: 26-04-2024 15:49:34

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы «Туған жер» арнайы жобасы аясында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі балалар кітапханалары арасында «Идеядан жобаға» дейін тич-ин өткізді.

Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында өткен тич-инді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Амалов Лесбек Сәрсембекұлы алғы сөз алып, халқымыздың мәдениетін, әдебиетін, тарихын, өнерін насихаттауға, еліміздің білім салаларының дамуына, үлес қосып келе жатқан кітапханашы мамандарға шексіз ілтипатын жеткізді.

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Инкарбекова Гульфайруз Қапарқызы «Кітапхана – ұлттық тәрбиенің қайнар көзі» баяндамасында кітапхананың жобалары мен байқаулары туралы айтты.

Басқарма басшысынан кейін сөз алған Жамбыл облысының "Рухани жаңғыру" жобалық офисінің басшысы Қуатова Зарина Пердыбекқызы Бағдарламаның басым бағыттары және арнайы жобалармен тиімді жұмыс жасау жолдарын түсіндіріп, өңірдегі жүзеге асырылған және алдағы атқаратын жұмыстарды атап өтті.

Тич-инді 40-тан астам жобаның авторы, «Үздік кітапханашы» медалінің иегері, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің филиалы – С.Бегалин атындағы Орталық қалалық кітапхананың жетекшісі – Конарова Алма Сейсенқызы жүргізді. Қатысушыларға «Жас оқырмандарға оқуды насихаттау, кітаптарды танымал ету бағыттары», «Үйірме жұмысы» және «Пандемия кезіндегі жұмыс тәжірибесі (виртуалды кітапхана)» тақырыптары толық ашылып баяндалды.

Тич-инге Жамбыл облысының он ауданынан 24 кітапханашы қатысты.

Тич-иннің негізгі бөлімінен соң қатысушылар практикалық жұмысқа көшті. Алма Сейсенқызы қатысушыларды үш топқа бөліп, әр қайсысына тапсырмалар берді. Әріптестер қолда бар материалдарды қолданып, іс-шараның негізгі тақырыбын ашуды үйренді. Әр топ өзінің креативті ойын, кәсіби шеберлігін, шығармашылық қабілетін шыңдады.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://jobjk.kz/index.php/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1302-ideyadan-zhoba-a-dejin-tich-in#sigProGalleria141b1fa13a
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру