детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 45 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023225
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
11
501
997
2037
12968
982512
1023225
Ваш IP: 3.135.217.228
Время на сервере: 26-04-2024 01:20:11

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Елін танытқан ер»

тақырыптық кеш

 

Қазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаевтың туғанына 106 жыл толуына орай, мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету мақсатында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы: А.Кәрентаев, Д.А.Қонаев қорының төрағасының орынбасары Н.Сейдуалиев, Д.А.Қонаев қорының аға референті Қ.Демешовтің және  №8 мектеп-гимназиясы  оқушыларының қатысуымен  «Елін танытқан ер» тақырыптық кешін өткізді.

Аталған іс-шарада Қонаев қорының төрағасы: А. Кәрентаев пен төрағасының орынбасары: Н.Сейдуалиев елін танытқан еріміз Д.А.Қонаевтың өмірі мен ол жайлы айтылған біраз естеліктерінен сыр шертті. Мерекелік кеште Д.А.Қонаев қорының аға референті Демешов Құрманғазы Дінмұхаммед Қонаевқа арнап жазылған өлең шумақтарын оқыса, №33 мектептің музыка пәнінің мұғалімі Баймаханов Жамбыл Тұрғанбекұлы «Өз елім» әнін орындады.

Шара барысында кітапханашы «Altais Group» ЖШС бас директоры, кәсіпкер Жұмабаев Әлімбектің  кітапхана оқырмандарына сыйға тартқан, 3 бөлімнен тұратын Д.А.Қонаевқа арналған «Ұлы тұлға» тақырыбындағы бұрышымен таныстырды. Бұрыштағы әрбір қойылған бөлімге библиографиялық  шолу жасалды.

1.Бақытты болашаққа;

2.Арман қанатында;

3. Қазақстанның өркендеуі

Көрмеге: Елу жыл ел ағасы [Мәтін].- Алматы: Санат, 2002.- 464 б., Қонаев Д. Өтті дәурен осылай [Мәтін] / Д.Қонаев- Алматы: Алматы кітап баспасы, 2011.- 496 б., Ниязбеков Р. Кемеңгер [Мәтін] / Р.Ниязбеков - Алматы: Жалын баспасы, 2011.- 496 б., Ерғали С. Жаны жарық Димекең [Мәтін] / С. Ерғали: Эссе. - Алматы: 2011. -192 б. т.б. кітаптар мен мерзімді баспа беттерінен алынған материалдар қойылды.

 

 

 

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://jobjk.kz/index.php/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1120-elin-tanyt-an-er-ta-yrypty-kesh#sigProGalleria0410fbbc6e
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру