«Интеллектум» балалар клубы «Танграм» әдісімен топтық жұмыс

Балабақша бүлдіршіндерінің ойлау қабілетін, зейінін, есте сақтауын, қиялын және ұсақ қол моторикасын дамыту мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырылды. Балаларға танымдық және дамытушы ойыншықтар ұсынылып, олармен қызықты ойындар өткізілді.

Топтық жұмыс барысында танграм әдісі қолданылды. Балалар түрлі геометриялық пішіндерден адам, жануар, құс, үй, көлік және басқа да бейнелер құрастыруға тырысты. Бұл ойын балалардың кеңістікті бағдарлауына, пішіндерді ажыратуына, логикалық ойлауына және шығармашылық қиялының дамуына ықпал етті.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://jobjk.kz/kz/o-biblioteke-2/bizdi-jirmeler/intelectum/2518-2026-08-18.html?layout=default&print=1&tmpl=component#sigProGalleria9f9f935ead
joomlamodniyportal.ru

joomline.net