«Балабақшадан кітапханаға» жобасы аясында балабақша бүлдіршіндеріне арналған «Сиқырлы жұлдызша» атты ертегілік көрініс ұйымдастырылды. Шара барысында балалар «Сиқырлы жұлдызша» ертегісінің қызықты қойылымын тамашалады. Кейіпкерлердің өнерін қызығушылықпен бақылап, ертегінің мазмұнына еніп, жақсы мен жаманды ажырату, достық пен мейірімділіктің маңызын түсіне білді. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге сиқырлы әлемге саяхат жасап, көңілді уақыт өткізді. Іс-шара барысында бүлдіршіндердің кітап оқуға деген ынтасын оятып, ертегілердің адам өміріндегі тәрбиелік мәні туралы түсініктері кеңейтілді.

joomlamodniyportal.ru

joomline.net