Алақан мен саусақ әдістерін пайдаланып, ағаш бұтағына қонып тұрған құстарды бейнелеу.

Жаз мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсінік беріп, сурет бойынша әңгіме айту арқылы балалардың сөздік қорын молайту. Жазғы жеміс бұтағына қонып тұрған құстардың бейнесін салу арқылы шығармашылық қабілетін, дамыту. Әсемдікті сүйе білу, құстарды аялау мақсатында «Сиқырлы қылқалам» сурет үйірмесінің кезекті сабағында «Жеміс бұтағындағы құстар» тақырыбында шығармашылық жұмыс жүргізіліп, оқырмандар акварель бояуының сырын ашу және бояуларды араластыру арқылы сурет салды.

joomlamodniyportal.ru

joomline.net