детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 28 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023746
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
215
188
1518
2037
13489
982512
1023746
Ваш IP: 3.134.77.195
Время на сервере: 28-04-2024 21:06:54

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жанар Тәттімбетова, облыстық балалар мен жасөспірімдер

кітапханасының әдіскері

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан дер кезінде шешім қабылдай білетін, алыстағыны уақытында болжап, саралап, сараптай білетін көреген басшы, кемеңгер саясаткер екені ақиқат. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын тең дәрежеде ұстап отырған Президентіміз мемлекеттің экономикалық тұрғыда дамуын түрлі реформалармен, маңызды құжаттармен қамтамасыз етіп келгені мәлім.

 

         Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын көпшілік секілді мен де мұқият оқып шықтым. Осы күнге дейін еліміздің әлеуметтік-эканомикалық әлеуетін арттыру негізгі мақсатқа айналып келсе, енді ел халқының рухани тұрғыдан кемелдене түсуі – бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Әрине, рухани жаңғыру дегеніміз бүгіннен бастала салған жоқ. Ол жылдар бойы жалғасып келе жатқан үдеріс.

         «ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тархының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керсінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», - дейді Елбасымыз осы мақалада.

         Расымен де ұлттық сананы қалыптастыру қашанда маңызды. Ол – кодымыздың тірегі. Елбасы айтқандай жаңғыру деп, жақсы мен жаманды ажырата алмай қалудан өз-өзімізді сақтай білгеніміз абзал.

         Мақалада мәдени, рухани құндылықтарды сақтау, әрмен қарай жаңғырту, дамытудың жолдары кеңінен сөз болған. Айтылған құнды ойлар дер кезінде жүзеге асырылса, ұтатынымыз сөзсіз. Сондай-ақ «100 жаңа есім» жобасын әзірлеуде де Нұрсұлтан Назарбаев шегелеп тапсырды. Шынында да бұл жоба тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихын насихаттаудың, жас буынды тәрбиелеудің құралына айналар еді. Білім мен ғылымда, өнер мен спортта мәдениет пен әдебиетте еліміздің атын айдай әлемге әйгілеген тұлғалардың есімі әрқашан жас ұрпақ үшін үлгі, болары сөзсіз. Ендеше, бұл жобаны кезең- кезеңімен жүзеге асырған жөн-ақ.

         Қорыта айтқанда, діні мен ділі, мәдениеті мен әдебиеті жаңғырған, өзіндік саны жолға түскен елдің ұлттық санасы әрдайым мығым болады. Елбасы өз мақаласында осы ойларды кеңінен қаузап отыр. Ендеше, «сабақты ине сәтімен» демекші, қозғалған ойларды жедел жүзеге асырған жөн-ақ.

 

Тәттімбетова Ж. Дамудың жаңа белесі [Мәтін] /Ж. Тәттімбетова. // Ақ жол.- 2017.- 13 мамыр (№52).- 2 б.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру