детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 30 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023738
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
207
188
1510
2037
13481
982512
1023738
Ваш IP: 18.117.216.36
Время на сервере: 28-04-2024 19:21:09

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Халықаралық Д.Қонаев қорының облыстық бөлімшесі соңғы кездері өзінің қоғамдық қызметін жандандыра түскенін бүгінде жұртшылық жоғары бағалауда. Жақында ұлы тұлғаның 105 жылдығы облыс көлемінде қор бөлімшесінің ұйымдастыруымен кеңінен аталып өтті. «Сенім» баспа орталығынан 1000 данамен басылып шығып, бояуы кеуіп үлгермеген «Дінмұхамед Қонаев және Әулиеата өңірі» кітабы тез таралып кетті. Бұның барлығы ұлы тұлғаға деген ел құрметінің нышаны болса керек.

 Д.Қонаевтың туғанына 105 жыл толуына арналған шаралар одан әрі жалғасын табуда. Жақында халықаралық Д.Қонаев қоры облыстық бөлімшесі мен облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен қаладағы Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектепте «Қонаев – ғасыр адамы» деген тақырыпта басқосу болып өтті.

         Кездесу барысында кезінде Дінмұхамед Қонаев сияқты қазақтың біртуар азаматының қолын алып, шарапатын көрген облысымызға аты кеңінен танымал ардагер журналист, облыстың Құрметті азаматы Баттал Жаңабаев, қоғам белсендісі, Д.Қонаев қоры облыстық бөлімшесінің басқарма мүшесі, облыстың Құрметті азаматы Нәрейім Сейдуалиев және ақындар Мақұлбек Жанәліұлы, Құрманғазы Демешовтер оқушылар алдында өздерінің естеліктерін айтып, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері туралы жазған өлеңдерін оқып берді.

         Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері жасаған Д.Қонаевқа арналған кітап көрмесі жиналғандардың көңілінен шықты. Мұнда Д.Қонаевтың өзінің шығармаларымен қатар ол туралы жазылған естелік кітаптар қойылған болатын.

         Кездесуді қорытындылаған мектеп директоры А.Әбдешова халықаралық Д.Қонаев қоры облыстық бөлімшесінің белсенділеріне, оқушы жастарға арнап осындай тағылымы зор кездесу ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдіріп, Т.Рысқұлов өмірінен жазылған жаңа деректі кітапты сыйға тартты.

 

Сүгірбаева А. Ғасыр адамына құрмет [Мәтін] /А. Сүгірбаева. // Ғұмыр дария.- 2017.- 9 ақпан (№3).- 4 б.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру