детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 33 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023957
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
136
290
1729
2037
13700
982512
1023957
Ваш IP: 18.223.134.29
Время на сервере: 29-04-2024 09:12:16

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Елін танытқан ер

 

ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНДА «ЕЛІН ТАНЫТҚАН ЕР» АТТЫ ЖИЫН ӨТТІ.

 

Жанғазы АХМЕТ

ІІІара барысында кітапхана оқырмандары – мектеп оқушыларымен кездескен Халықаралық Қонаев қорының облыстық бөлімшесінің төрағасы Амангелді Кәрентаев, төраға орынбасары, облыстың Құрметті азаматы Нәриім Сейдуалиев және қор бөлімшесінің аға реферанты, ақын Құрманғазы Демешов тұлға туралы тағылымды естеліктер айтып, игі ойларымен бөлісті.

Алғашқы болып сөз алған Амангелді Кәрентаев қордың жұмысы, оның мақсаты туралы кеңінен баяндап, ұлы тұлғаның есімін ұлықтау жолында елеулі еңбек етіп жатқандарын жеткізді.

Соңғы кезде облыстық ардагерлер кеңесінің қолдауымен Тараздағы Қонаев қоры өз жұмысын біршама жандандырып отыр. Қор басқармасының құрамы жаңарып, демеушілерімен жұмыс белсендірек жүргізіле бастады. Жұртшылықтың, атқарушы биліктің тарапынан қолдау да жақсы. Осының арқасында өткен жылы талай шаруа тындырдық. Соның бірі – облыс ақсақалдары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері тарапынан айтылып келе жатқан қор бөлімшесімен бір аумақта орналасқан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімін беру еді. Қор бөлімшесінің тиісті орындарға шығып, қозғау салуымен бұл мәселе жоғары құзырлы органдар тарапынан қолдау тапты. Кітанханаға Қонаев есімінің берілуі қала жұртшылығы үшін үлкен тарту әрі дара да дана тұлғаны ұлықтау бойынша Қазақстандағы мақтанышпен сөз етілер игі істің бірі, - деген А.Кәрентаев былтыр аға ұрпақ өкілдерінің естеліктерінен, жеке отбасылық мұрағаттарда сақталған фотосуреттерден тұратын «Дінмұхамед Қонаев және Әулиеата өңірі» атты жинақ жарық көргенін, облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұжымы қор бөлімшесімен бірлесе отырып тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырғанын айтты. Сондай-ақ облыстық білім басқармасының қолдауымен білім мекемелері оқушы-жастардың мұражай жұмысымен танысуына арналған экскурсиялар ұйымдастырып тұратынын жеткізді.

Ал Нәриім Сейдуалиев көзкөрген ретінде татымды естеліктерімен бөліссе, ақын Құрманғазы Демешов тұлғаның қарапайымдылық, адами тұрғысына көптеп тоқталып, өзінің Дінмұхамед Қонаевқа арнаған отты жырын оқып берді.

Келелі кездесу барысында патриоттық сарындағы әуезді әндер айтылып, қонақтарға әдемі әсер сыйлады. Тұлғаның өмірі мен елеулі еңбегіне арналған деректі фильм көрсетіліп, кітапхана бұрышынан елін танытқан ерге арналған «Ұлы тұлға» атты кітап көрмесі таныстырылды. Соңынан кітапхана директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова сөз алып, келген қонақтарға алғысын айтып, оқырман жастарға халық перзентінің өмірі өнегеге толы екенін жеткізіп, содан сабақ алып, елжанды. білімді азамат болып қалыптасуға шақырды.

 

Ахмет Ж. Елін танытқан ер [Мәтін] / Ж. Ахмет // Ақ жол.- 2018.-13 қаңтар (№5).-5 б.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру