детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 44 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023969
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
148
290
1741
2037
13712
982512
1023969
Ваш IP: 18.119.104.238
Время на сервере: 29-04-2024 10:56:43

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жаңа белестерге жетелейді

 

Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінде оқырмаңдар арасында пікірсайыс өтті. Шараның тақырыбына қазақ әліпбиінің жаңа латын қарпіне көшу мәселесі арқау болды.

Сайысқа №49 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері және Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің білімгерлері, жетекшілері қатысты. Жиналғандар өз ойларын ортаға салып, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің теледидарда, газет беттерінде айтылған пікірлерін де талқылады.

№49 мектеп-гимназиясы директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Шолпан Анарбекқызы жаңа әліпбиге көшудің маңыздылығына тоқталса, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің кітапханашылары мен студенттері латын әліпбиінің қазақ тілінің әрі қарай дамуына, жаңғыруына тигізетін ықпалын сөз етті.

Иә, латын графикасына негізделген әліпбиге көшу жай ғана әліпбиді ауыстыра салумен бітпейді. Бұл өркениетті шешім біздің ашық әлемнің бір бөлшегі болуға, алға жылжуымызға септігін тигізетіні сөзсіз. Жиынға қатысушылар осындай ойға тоқталып, бұл іске баршаның атсалысу керектігін баса айтты.

 

Гүлбану ҚҰЛНАЗАРОВА, Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері

 

Құлназарова Г. Жаңа белестерге жетелейді [Мәтін] / Г. Құлназарова // Ақ жол.- 2018.-06 қаңтар (№2).- 3 б.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру