детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 13 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023448
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
105
129
1220
2037
13191
982512
1023448
Ваш IP: 18.116.62.45
Время на сервере: 27-04-2024 17:59:01

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Елбасы жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында Қазақстанның өсіп-өнуі, өркендеуі, әлемнің алдыңғы қатарлы 30 мемлекетінің қатарына қосылуы тек білімді, сауатты жастардың қолында екендігін айтумен келеді. Әрине, жастар білімді болуы үшін міндетті түрде көп ізденіп, көп оқуға тиіс. Ал, жастардың білім алуы мен сөздік мәдениетін дамытуда кітапхананың алар орны ерекше. Осы орайда, Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы өзінің кітап қорын жыл сайын жастарға рухани азық болатын, оларды отансүигіштікке баулитын түрлі басылымдармен толықтырып отырады. Сондай құнды дүниелердің бірі –  еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шығармалары мен Елбасы туралы жазылған туындылар.

 

Қазіргі таңда кітапханамыздың кітап қорында Елбасымыздың 40-тан аса еңбегі мен басқа авторлардың Елбасы туралы жазған 30-ға жуық кітаптары бар. Аталған кітаптардың ішінде оқырмандардың көп сұранысына ие болып отырғандары туралы айтып өткім келеді. Астанадағы «Сарыарқа» баспасынан жарық көрген Мемлекет басшысының таңдамалы сөздер жинағы. Алматыдағы «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Тарих толқынында», «Рауан» баспасынан жарық көрген «Туған елім – тірегім» кітаптары жас оқырмандардын ой-өрісін кеңейтіп, сана төріне шуақ шашары сөзсіз. Ал, Елбасы туралы «Еліне елеулі Елбасы», «Жүректен жеткен жырлар», «Ҝемеңгер», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» кітаптары да өскелең ұрпақтың сүйіп оқитын дүниелері десек қателеспейміз. Нұрсұлтан Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі» атты туындысында Қазақстанның ядролық қарудан бірінші болып бас тартуы және де ядролық қарумен қамтамассыз етілген мемлекеттерді де аталған арсеналдан бас тартуға шақыруы туралы жан-жақты айтылады. Ол – ядролық «құндылықтарды» танудың шегі мен оны қайта бағалаудың рецептері туралы кітап емес, керсінше, күштің парасатқа өктемдігінің күшейе түскен қатері мен адамзаттың ядролық қауіпсіздік формуласы қинала іздестіруі туралы толғанған ойларға толы. Сондай-ақ, «Елмен сырласу» атты еңбегіне ел Президентінің ішкі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді, сыртқы саясатта жалпыға бірдей қауіпсіздік пен ынтымақтастықты, мемлекттілікті нығайтуға бағытталған, өзара тиімді ықпалдастықты дамытуды мұрат еткен сөздері мен сұхбаттары енгізілген. Ал, «Өзекжарды ойлар» кітабында Елбасының еңбектері мен баяндамаларындағы, алқалы жиындар мен әртүрлі кездесулерде сөйлеген сөздеріндегі қанатты қағидалары қамтылып, пайымды пікірлері топтастырылған. Тың туынды Елбасының өмірдің сан-саласын қамтитын ой тербеген орамдарымен толықтырылған. Аталған кітаптағы кез келген адам баласы терең ойға шомдыратын мына бір сүбелі сөзге тоқтала кетсек. «Ештеңе де өзінен-өзі аспаннан аяғы салбырап түсе қалмайды. Өсу, тұрақты даму жағдайына жету үшін де белгілі бір кезеңдерден өту қажет. Оларды ешқашанда аттап кете алмайсың». Осы сөзі арқылы Елбасымыз жалпы қазақ еліне, соның ішінде жастарға ешқандай тірліктің, жақсылықтың бірден бола кетпейтіндігі, биік белестерді бағындыру үшін талай қиын-қыстау жолды жүріп өту керектігі жайлы айтады. Он екі тараудан тұратын бұл туындыны оқи отырып, өмірге азық болар көп дүние алуға болады.

Бұл ғана емес, қорымыздағы Елбасы туралы немесе Мемлекет басшысының қаламынан туған дүниелерден тұратын өзге де кітаптарын оқи отырып көпқырлы стратегиялық басымдықтар мен Қазақстанның дамуы мен жетістіктерінің сырына қаныға алады. Постиндустриялық қоғамды қалыптастыру мен өркениеттер серіктестігі, қазіргі заманғы ғаламдану мәселелерінің энергиялық-экологиялық қауіпсіздігі, технологиялық дамудың біркелкі еместігі, экономикалық қатынастардың әділетсіздгі сияқты әлемдік мәселелер жөнінде ойлармен танысады. Тәу етер Тәуелсіздігіміз бен сол жолдағы еңбегі ерен Елбасымыздың қадір-қасиетіне, биік болмысын шолып шығуға таптырмас мүмкіндік береді. Жас оқырмандарды осы кітаптарды оқуға шақырамыз.

 

Гүлфайруз Іңкәрбекова, Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры.

 

Іңкәрбекова Г. Тәуелсіздік пен Елбасы туралы жас оқырмандарға жан-жақты мәлімет береді [Мәтін] / Г. Іңкәрбекова. // Ақ жол.- 2017.-23 қараша (№133).- 2 б.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру