детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 29 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023732
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
201
188
1504
2037
13475
982512
1023732
Ваш IP: 3.139.97.157
Время на сервере: 28-04-2024 17:41:07

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Тараз қаласының зиялы қауым өкілдері және «Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы – жастар саясатының әлеуеті» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар кітапхананың «Дәуір данасы» атты ар- найы ұйымдастырылған тұсаукесер рәсімінің куәсі болды.

Іс-шара барысында қазақтың белгілі ақын қызы Үміт Битенова, Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы Амангелді Карентаев сөз тізгіндеді. Шараға арнайы қонақ ретінде шақырылған Д.Қонаев қорының ОҚО бөлімшесінің төрағасы Асанбай Әлсейіт бірқатар азаматты Д.Қонаевтың 105 жылдығына шығарылған мерейтойлық төсбелгімен марапаттады. Мұндай марапатқа Балтабай Бекежанов, Алтынбек Садырбаев, Баттал Жаңабаев, Күләш Назарбекова, Батырбек Құлекеев, Көсемәлі Сәттібайұлы, Гүлдара Нұрымова, Тыныс Сейдуанов, Қибат Асқарбеков, Дария Қожамжарова, Мәмбет Күшікбаев, Нәрием Сейдуалиев, Өскембай Мәдиев,Тұрсынхан Толқынбаев ие болды. Сондай-ақ кеште Нұрғиса Тілендиевтің Қонаевқа ән арнамақ болғандағы шығарылған «Өз елім» әнін облыстық филармонияның әншісі Жанатбек Қадыров нақышына келтіріп орындады. Жиналған көпшілікке Дінмұхамед Ахметұлының өмірі мен еңбек жолына арналған «Шын аты оның – тектілік пен тазалық» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрменің шолуын әдеттегідей кітапханашылар емес, жас ақын Дидар Апбасов жүргізді. Ал жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылатын «Кітапхана түні» квест-шоуы «Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы – жастар саясатының әлеуеті» республикалық ғылыми-практикалық конференция аясында өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты кітап кеңістігін кеңейтіп, оқуды дәріптеу. Бос уақытты тиімді өткізудің жаңа түрлерін ұйымдастыру, оқырмандарды кітапханаға тарту. Биылғы «Кітапхана түнінің» айырмашылығы – Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген мамандардың қатысуында. Айтыс, мақал- мәтел және Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің техникалық-шығармашылық орталығының шеберлік сыныптарынан тұрған шара жылдағыдан ерекше өтті. Сондай-ақ аудандық балалар кітапханалары қазақ үйлерін тігіп, этноауылда ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді. Жамбыл облыстық орыс драма театрынан келген ертегі кейіпкерлері қызықты көріністер көрсетті. Екінші күні ғылыми-практикалық конференцияның секциялық жұмыстары жүргізілді. «Библиография саласындағы инновациялар» атты 1-секцияда Оңтүстік Қазақстан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Фая Ахликулова «Балалар кітапханасы когнитивтік ресурс ретінде» тақырыбындағы баяндамасын оқып, тәжірибесімен бөлісті. «Кітапханадағы өлкетану жұмысы: жетістіктер, әдістер, идеялар» атты 2-секцияда білікті мамандар – Солтүстік Қазақстан облысынан әдіскер Айгүл Исаева, Қостанай облысынан библиограф Жұмабике Сайрамбаева, Ақтөбе облысынан кітапханашы Азатгүл Қайнақаева, Батыс Қазақстан облысынан әдіскер Жанаргүл Жаңабергенова тәжірибелерімен бөлісті. Кітапханадағы өлкетану жұмысы кітапхана саласындағы ең маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Сол себептен жастарға туған өлкесінің табиғатын, ата- бабаларымыздың асыл мұраларын, Отанын сүюге және ұлттың өнегесін қорғауға тәрбиелеу жұмыстары – бұл секцияның негізгі мақсаты. Ғылыми-практикалық конференцияның «Печа-Куча» форматындағы секцияның қатысушыларын ең белсенді десек артықтық емес. Өйткені мұндағы қамтылған «Кітапхана – шығармашылық алаңы», «Идеялар иірімі», «Іздену! Табу! Енгізу!», «Кітапханалық ассорти» тақырыптары қандай да болмасын кітапханашыны бейжай қалдырмайды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, заманауи кітапхана саласын дамытуда не нәрселерді басты назарда ұстау керек, көпшілік іс-шаралардың ұйымдастырылуы, оқырмандармен өткізілетін жұмыстың жаңа түрлері үнемі іздеу үстінде болу керек деген шешімге тоқталды. Конференцияның соңы қорытынды пленарлық отырыспен аяқталды.

Шабденова А. Д.Қонаев есімі берілді [Мәтін] / А.Шабденова. // Жамбыл-Тараз.-2017.-4 қазан (№40).-9 б.


Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру