детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 30 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023719
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
188
188
1491
2037
13462
982512
1023719
Ваш IP: 3.145.152.242
Время на сервере: 28-04-2024 13:50:11

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жуырда Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлемді кітап арқылы танимын» атты облыстық байқау өткізілді.

 Көрнекті ақын, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты Ескен Елубаевтың туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараның мақсаты балаларға арналған танымдық, тәрбиелік туындылар арқылы жасөспірімдердің қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру. Байқауға он ауданнан жеті мен он бес жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. Сайыста Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қанат Қайым, сазгер, әнші Үміт Битенова сарапшы болып, әділ баға беріп отырды.

 

Кітап сүйер оқырмандар арасында өткізілген сайыс 7 мен 10 жасқа дейінгі және 10 мен 15 жас аралығындағы жас ерекшелігі бойынша екі кезеңнен тұрды. Байқаудың «Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын» атты бірінші кезеңінде қатысушылар өлең жолдары арқылы өздерін таныстырды. «Ескен Елубаев – балалар әдебиетінің көрнекті ақыны» атты келесі кезеңінде оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, көрініс қойды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені №21 орта мектептің 5-ші сынып оқушысы Қайрат Нұрдәулет және Т. Рысқұлов ауданының намысын қорғаған №1 мектеп-лицейінің 9сынып оқушысы Нұрлан Нұргерім еншілесе, жүлделі 1-ші орынды №39 мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы Ғаниұлы Әли, Байзақ ауданы Н.Киікбаев мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Жанатбек Жұлдызай иеленді. Ал Сарысу ауданы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Тыныштықбай Елдос пен Жамбыл ауданы Жасөркен орта мектебінің 9 сынып оқушысы Шеңгелбаева Ұлдана жүлделі 2-ші орын алды. Тараз қаласының №23 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Момын Нұрым, Меркі ауданы Ақарал орта мектебінің 7 сынып оқушысы Секен Ерхан 3-ші орынды қанжығасына байлады.

         Кеш соңында жеңімпаздарға сый-сияпат көрсетіліп, барлық қатысушыларға алғыс хат табысталды.

 

Майлыбаев Б. Кітап оқып, озық бол! [Мәтін] / Б. Майлыбаев. // Арстан.- 2017.- 9 маусым (№20).- 3 б.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру