Іс-шарада кітапханашы оқырмандарды ең алдымен Ұлы жеңіс мерекесінің 70 жылдығымен құттықтап, балаларға Ұлы Отан соғысы жылдарының қиындығы мен қан майданда шайқасып ерлік көрсеткен ата-апаларымыздың (Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова) көрген қиыншылықтары мен қайтпас қайсарлықтары туралы айтты. Іс-шарада оқушылар Б. Момышұлының өлеңдерін, соғыс және жеңіс туралы өлеңдерді оқыды. Аталған іс-шарада оқушылардың қатысуымен фашистік Германияның Кеңес одағына тұтқиылдан шабуыл жасап, елімізге басып кіргендігі жайлы көрініс көрсетілді.
CommentsБалаларға адамгершілікке, Отанын сүюге, қорғауға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында 9 ақпан күні 2015 жылы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының ұйымдастырумен № 13 орта мектебінің қабырғасында 3 «А» сынып оқушыларының қатысуымен Ұлы Жеңістің 70 жыл толуына орай «Біз Жеңістің ұрпағымыз!» тақырыбында арналған әдеби-десант өткізілді.
CommentsҚазақ хандығы мен қазақ халқының тарихын, еліміздің өркендеуіне және нығаюуына өмірі мен қызметін арнаған көрнекті тарихи тұлғалардың еңбектерін және есімдерін оқырмандарға насихаттау. Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру мақсатында 2015 жылдың ақпан айының 6 бүлдіршіндер секторында қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай «Қазақ хандығын қалаушылар» Керей мен Жәнібек тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
CommentsҚазіргі қазақ әдебиеті тарихында нық орын алған көрнекті тұлғалардың бірі, халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің туғанына 75 жыл толып отыр. Мағауин жазушылық қызметін филолог болудан бастады. 60-жылдары әдебиет зерттеушісі ретінде танылды. "Қобыз сарыны" атты ғылыми монографиясы жарық көрген. Осыдан кейін ол көркем прозаға көбірек ден қойды. Оның "Көкмұнар" (роман, 1972), "Бір атаның балалары", "Көк мұнар" (повестер мен әңгімелер), "Аласапыран" (тарихи роман-дилогия, 1980-1982), "Шақан Шері" (роман), "Мен" (ғұмырбаяндық роман-хамса), "Құмырсқа-қырғын" (әңгімелер), "Ұлтсыздану ұраны" (мақалалар) және тағы басқа кітаптары жарық көрген.
Comments