Тіл туралы тағылымдар арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу, тілімізді сүюге, көздің қарашығындай қорғауға шақыру, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнері екенін ұғындыру мен тіл туралы кітаптарды насихаттау мақсатында 21 ақпан - Халықаралық ана тілі күніне орай оқу залы №13 мектептің 5 сынып оқушыларымен "Тілім менің - ғасырлардан аманат" атты жұлдызды қазына өткізді.
CommentsЖыр дүлдүлі, ақиық ақын, ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Жамбыл облыстық әкімдігінің білім басқармасының «Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернатымен бірлесіп «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған..» атты поэзиялық әдеби кеш өтті.
CommentsӘр халықтың ана тілі – білімнің кілті. «Тіл – көңілдің тілмашы» демекші, әрбір адамның өзінің ана тіліне қарап, оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Яғни, тіл дегеніміз - әрбір адамның жаны, тәні, бар болмыс - бітімі. Сол себепті өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуымыз керек. Біздің асыл қазынамыз, сөз жеткісіз жауһар құндылығымыз – ол тіліміз.
CommentsХІ-ші ғасырдың атақты ойшыл, ғалым, қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұнның өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру және оның «Құтты білік» дастанының тәрбиелік мәні зор екендігін таныту мақсатында №16 Д.М. Карбышев атындағы мектептің 6-шы сынып оқушыларымен іс-шара өткізілді. Жүсіп Баласағұнның - 995 жылдығына арналған әңгіме «Заманынан озып туған ойшыл» деп аталынды. Баласағұн қаласында дүниеге келген.
Comments