Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 24 ақпан күні "Ана –өмірдің шуағы" атты кездесу кеш өтті.
Comments«Экоград» клубының кезекті отырысында бала мен қыздың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері сөз болды. «Почему существуют девочки и мальчики?» деп аталатын информинаның негізі ретінде Харри Янестің «Мальчик и девочка» атты кітабы алынды.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының кітапханашысы М.А.Расулованың ұйымдастыруымен № 49 орта мектептің 6 сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін » атты ауызша журнал өткізілді. Қалыптасқан білім, білік дағдыларын тексеру және жүйелеу. Абай мұрасы – адамзаттың ғұмыр бойы игеріп түйсіне түсетін тұтасқан ғажайып бір әлемі. Абай мұраларын парасатты ой, зерделі санамен оқып үйрену – біздің қасиетті парызымыз. Қазіргі заман ұрпақтары Абайды оқу арқылы өзінің жоғын түгендейді. Абайды оқи алмаған, оның көңіліне тоқи алмаған адамды рухани аш, жүдеу жан деп есептеуге болады.
Comments2014 жылы Алматы қаласына 160 жыл толды. Аталған жылы Алматы қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып белгіленді. Осы және өзге де жайттар «Алматы – любовь моя» деп аталатын әңгіме-презентацияда айтылды. Балалар еліміздегі ең көрікті қаланың пайда болу тарихымен танысты. Слайд арқылы оқушылар қаланың ең көрікті жерлерін: Медеу мұз айдынын, Шымбұлақты, Зенковтың жобасы бойынша салынған ескерткіштер мен ғимараттарды, музейлер мен театрларды тамашалады. Осылайша Алматы қаласына жасалған саяхат балаларға еліміздің тарихын танып, әсем ғимараттарын тамашалап, бағалауға мүмкіндік берді.
Comments