18 наурыз күні № 13 орта мектебінің оқушыларымен 22 наурыз мейрамына орай «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында әдеби монтаж өткізілді. Мақсаты: оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен және көктем мезгілін тамаша ғажайыптарымен таныстырып, наурыз мерекесінде оқылатын өлең, тақпақтар оқылды. Ұлтымыздың ата - бабамыздан келе жатқан дәстүрі наурыз көже туралы түсінік беру. Осы тақырып арқылы ұлттық мерекемізге деген бала құштарлығын ояту, қазақтың салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту.
CommentsОтанға деген сүйіспеншілік ең алдымен өзі туып өскен жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Біздің өлкеміз яғни Жамбыл облысы эндемикалық өсімдіктерімен белгілі, хайуанаттар дүниесіндей бай. Туып өскен жеріміздің табиғатын таныстыру мақсатында «Край, в котором я живу» деген атпен эко-лото өткізілді.
CommentsҚазақ өнерінің тамыры тереңге таратқан алтын діңгегі алтындай тума дарындар, әншілік қырлары ешқашан бірін-бірі қайталамайтын халқымыздың мақтанышы мен ардағына айналған. Жақсысына құрмет көрсеткен, барын бағалаған елдің абыройын артып, мерейі өсе береді.
CommentsҚазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен тарихи оқиғалар туралы нақты түсінік беру мақсатында №16 Д.М. Карбышев атындағы мектептің 5-ші сынып оқушыларымен іс-шара өткізілді. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ретро-беташар А.Галиевтің «Керей мен Жәнібек» кітабы бойынша «Қазақ хандығы» деген атаумен өткізілді. Іс-шара барысында электронды презентация көрсетіліп, қазақ хандығының қалай құрылғандығы жайында мәліметтер берілді. Галиевтің көркем туындысында Қазақ хандығының негізін қалаған екі хан Керей мен Жәнібектің өмір жолы суреттелген. Оқушыларға осы кітаптың ішіндегі бірнеше аңыз әңгімелер айтылып шолу жасалынды. Қатысушылар қазақ халқына тән құндылықтар мен батырлар жайында өз білгендерін айтып іс- шараны қортындылады.
Comments