12 сәуір – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. 1957 жылы 4 қазан күні Байқоңыр ғарыш айлағынан Спутник атты бірінші жасанды жер серігі ұшырылған болатын. 11 сәуір күні Ушинский атындағы № 23 мектебінің қабырғасында 2 «ә» сынып оқушыларымен ғарышкерлер күніне орай «Байқоңыр» ғарыш айлағы тақырыбында арналған ғарыш әлеміне саяхат өткізілді. Саяхаттың мақсаты: ғарыш әлемі жайлы түсінік беру. Қазақстан еліндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағының және ғарышкерлер мерекесіне, орай қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы мәлімет беру; оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту; ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
CommentsБілімгерлерді отансүйгіштікке, әділеттілікке, өз елінің жанашыры болуға тәрбиелеуде «Что такое коррупция и меры ее пресечения» деген атпен іс-шара өткізілді. Іс-шара жемқорлық тақырыбында болғаннан кейін қатысушылар пара мен пара беру жайында өз ойларын ортаға салды. Білімгерлер қай жерлерде пара берілетіндігі жайында статистикалық деректермен танысып, алдын алу шараларын талқылады. Жемқорлықпен күресу үшін арнайы жемқорлыққа қарсы заңдардың болу қажеттігін бір ауздан қолдап, құқықтық сауаттылықты арттыру керектігін мақұлдады.
CommentsҚазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Бегалинге биыл 120 жыл толып отыр. Ол жиырма шақты поэма, оннан астам повесті, жүздеген әңгіме, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар жазған. Бегалиннің өлеңдеріне 50-ге жуық ән жазылған. Балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, жазушының өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру мақсатында «Когда я пишу для детей» деген атпен іс-шара өткізілді. Көптеген шығармаларын қаламгер балаларға арнаған. Іс-шара барысында оқушылар «Еж Есена», «Поток», «Посылка», «Тайна надписей на скале» әңгімелерін кезекпен дауыстап оқып шықты. Жазушы шығармаларында әр кейіпкерлер бейнесін тереңірек аша білген. Іс-шара соңында Бегалиннің кітаптарына шолу жасалынды.
Comments