Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен тарихи оқиғалар туралы нақты түсінік беру мақсатында №16 Д.М. Карбышев атындағы мектептің 5-ші сынып оқушыларымен іс-шара өткізілді. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ретро-беташар А.Галиевтің «Керей мен Жәнібек» кітабы бойынша «Қазақ хандығы» деген атаумен өткізілді. Іс-шара барысында электронды презентация көрсетіліп, қазақ хандығының қалай құрылғандығы жайында мәліметтер берілді. Галиевтің көркем туындысында Қазақ хандығының негізін қалаған екі хан Керей мен Жәнібектің өмір жолы суреттелген. Оқушыларға осы кітаптың ішіндегі бірнеше аңыз әңгімелер айтылып шолу жасалынды. Қатысушылар қазақ халқына тән құндылықтар мен батырлар жайында өз білгендерін айтып іс- шараны қортындылады.
Comments2015 жылдың 4-наурызында әдістемелік және ақпараттық - библиография бөлімінің ұйымдастыруымен елінің атын шығарып, халқын құрметке бөлеген, жұртын тәнті қылып, өскелең ұрпағына үлгі-өнеге болған даңқты, ерекше дара жаратылған біртуар алып тұлғалардың бірі, жазушы, қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші, ғалым, тарихшы – Мұхтар Мұқанұлы Мағауиннің 75 жылдығына байланысты «Қазақ прозасының көшбастаушысы» атты ақпарат сағаты өткізілді.
Comments8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Ару қыздар алаулап от кешкендер» атты әдеби-музыкалық композиция өткізілді. Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушылары мен Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның 8 «А» сынып оқушылары, ұстаздар мен кітапханашылар қатысты.
Comments5 наурыз күні 2014 жылы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының ұйымдастырумен Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана өмір, ана жыр» тақырыбында музыкалық кеш өткізілді. Кештің мақсаты: балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының барлығын күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған балаларды тәрбиелеу.
Comments