Елбасы ұсынған «Бес халықтық реформа - ұлттық жасампаздық жоспары» бойынша Қазақстанды әлемнің ең дамыған мемлекеттердің отыздығына кіргізетін «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары жасалынды. Мұнда Қазақстан Халқы Ассамблеясына үлкен мән беріліп, «Үлкен ел - Үлкен отбасы» арнайы жобасы жүзеге асырылуда. Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында «Үлкен ел - Үлкен отбасы» жобасына өз үлестерін қосу мақсатында кітапханашылар Амиркулова Г.Е. мен Расулова М.А. ұйымдастыруымен «Тілі басқа, тілегі бір» атты халықтар достығы фестивалін өткізді.
CommentsӘдеби кітаптар мен оқулықтар білім көзі, рухани қазына, кітапты неғұрлым көп оқыған сайын біліміміз молайатындығын, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз.
CommentsМерзімді басылымдар секторының ұйымдастыруымен балалардың денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге, ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің тиімді әдістерін меңгеруге, достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға тәрбиелеу мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз» тақырыбында мерекелік бағдарлама өткізілді.
Comments«Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым» 4 маусым - Рәміздер күні! этно - саяхат «Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым» 4 маусым - Рәміздер күні! этно - саяхат Елтаңба,Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін арттыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына адал қызмет етуге, елінің Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қастерлеп құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында мерзімді басылымдар секторында №13 орта мектебінің лагерь оқушыларының қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым» тақырыбында этносаяхат өткізілді.
Comments