«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»
блиц-турнир
Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамытып, еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру; әлем таныған ел екенін дәлелдеп, білімдерін кеңейту мақсаттарында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» блиц-турнирі өтті.
Іс-шара барысында оқырмандарға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жайында ақпарат беріліп, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова сынды тұлғалардың қайсарлығы, өжеттігі туралы айтылды. Тәуелсіздік тақырыбында өлеңдер оқылып, сұрақтар қойылды. Оқырмандар желтоқсан оқиғасы жайында әсерлі көріністер ұсынып, жас бүлдіршіндер «Желтоқсан желі – ызғарлы» әнін орындады. Оқырман назарына «Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты» кітап көрмесіне қойылған: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан [Мәтін]. – Алматы: Балауса, 2009.-184б., Адырбек К. Тәуелсіздікке талпыныс [Мәтін]: Публицистикалық мақалалар / К.Адырбек – Алматы: Айғаным, 2016. - 380 б., Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм [Мәтін] / 2-ая книга.– Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.–392 с. т.б әдебиеттер ұсынылды.
Іс-шараға 23 оқырман қатысып, кітапханаға 8 оқырман тіркелді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=724#sigProGalleria5f0c49226d
«Туған жер» жобасының «Туған жер – туған ел» базалық бағытындағы «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында өткізілген
«Бір кітапты бір мерзімде оқу»
(С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы)
Акциясы
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Аталған бағдарламаны жас ұрпаққа насихаттау, оны жүзеге асыру, жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу мақсатында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған жер» жобасының «Туған жер – туған ел» базалық бағытындағы «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында «Бір кітапты бір мерзімде оқу» (С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы) акциясы өткізілді.
CommentsҚазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу; шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу мақсатында 1 желтоқсан Президент күніне орай «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбында әңгіме-информ өтті.
CommentsЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» - деп айтқан болатын. Осы орайда оқырмандардың бойында ұлттық сананы оятып, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының оқырмандарымен «Біздің Елбасы» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
Comments