«100 кітап» жобасы аясында
«Әлем әдебиетінің жауһарлары»
кітап карнавалы
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасынан бастау алған «Туған жер» жобасының «Туған жер-туған ел» базалық бағытының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «100 кітап» кітапханалық жобасы бойынша 2018 жылдың 15 ақпан күні Сарысу, Қордай, Шу, Мойынқұм және Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің балалар бөлімдерінде «Әлем әдебиетінің жауһарлары» атты кітап карнавалының І кезеңі өтті.
Comments«Діни экстремизм – қатерлі құбылыс»
ақпараттық сағат
Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылығын ашып, дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру мақсатында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясының оқырмандарының қатысуымен «Діни экстремизм – қатерлі құбылыс» ақпараттық сағаты өткізілді.
Comments«Тіл дамыту – ой дамыту»
мақал-мәтел сайысы
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай Төле би атындағы №8 мектеп гимназиясының орта буын оқушыларының қатысуымен «Тіл дамыту – ой дамыту» мақал-мәтел сайысы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау, оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой-өрісін дамыту. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіртіп, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, тіл туралы мәтіндер, өлеңдер, мақал-метелдер, нақыл сөздер арқылы сана-сезімдерін оятып, өз елін, жерін, Отанын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Comments«Ән жырым саған, туған жер!»
өнер кеші
Ән әлемінде өзіндік орны бар, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қырғызстанның Халық артисі, композитор, атақты әнші Алтынбек Қоразбаев ағамыздың шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында, Д. А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Ән жырым саған, туған жер!» өнер кешін өткізді.
Мерекелік кешке қатысқан облыстық филармония әншісі, «Ән-жырым саған, туған жер!» атты республикалық байқаудың жеңімпазы - Жанна Асанқұлова «Елге сәлем», «Қазақстаным» әндерін орындады, байқаудың ерекшеліктері жөнінде мағұмат берді. Ал, №33 мектептің музыка пәнінің мұғалімі Баймаханов Жамбыл Тұрғанбекұлы А. Қоразбаевтың шығармашылығына тоқталып, баянмен «Ақ дегелек» әнін орындады. Сондай-ақ, әріптесіміз Маржан Төрежанова Алтынбек Қоразбаевтың қазақ халқына танылған шәкірттері жайлы айтып, домбыра үнімен «Сағындым Алматымды» әнін шырқады.
Шара соңында «Халық композиторы – Алтынбек» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге Алтынбек Қоразбаев ағамыздың шығармалары жайлы кітаптар:
Ақыш Н. Алтынбек Қоразбаев [Мәтін] / Н.Ақыш -Алматы: «Балауса баспасы», 2003.-140 б., Қоразбаев А. Ән-жырым саған, туған жер [Мәтін] / А.Қоразбаев-Алматы: «Өнер» баспасы, 2007.- 392 б. Қазақ әндері [Мәтін] -Алматы: «Атамұра», 2014.-432 б., Әнім сенсің [Мәтін] - Алматы: «Өнер», 1993.-224 б. т.б. мерзімді басылым беттерінен алынған материалдар қойылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=224&start=712#sigProGalleria6315c5ffad