2 –сәуір Халықаралық балалар кітабы күні
«Кітап – ғажайып әлем»
сыр сандық
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай, «Кітап ғажайып әлем» тақырыбында сыр сандық интеллектуалды-танымдық ойынын өткізді.
Comments«Латын әліпбиіне көшу – әлемдік өркениетке қадам басу»
Пікір алмасу кеші
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Осыған орай оқырмандардың көзқарасын біліп, латын әліпбиіне көшу туралы бағытты айқын көрсету; дұрыс бағыт-бағдар беру. Қазақ зиялыларының ой-пікірімен санаса отырып, латын әліпбиінің қажеттілігі мен кемшіліктеріне тоқталу мақсатында «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік өркениетке қадам басу» пікір алмасу кеші өтті. Іс-шараға Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің білімгерлерімен қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Холбаева Феруза және тілдерді оқыту орталығының аға оқу әдіскері Алишева Айжан Жолдасқызы қатысты.
Comments«Ананың аялы алақаны»
мерекелік сазды кеш
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ананың аялы алақаны» мерекелік сазды кеш өтті.
Comments«Ризашылық пен алғыс»
өнегелік кеші
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММмен бірлесе «Ризашылық пен алғыс» өнегелік кешін өткізді. Кешке мүмкіндігі шектеулі 20 азамат қатысты.
Comments