детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 15 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023451
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
108
129
1223
2037
13194
982512
1023451
Ваш IP: 18.226.251.22
Время на сервере: 27-04-2024 19:05:47

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

    1991 жылы желтоқсан айында Кеңес Социалистік Республикалар Одағы таратылды. КСРО-ның құрамына кірген республикалар өздерінің тәуелсіз, егемендік мемлекеттерін құрды.

     (1991 жылы 1 желтоқсанда Республикасының Жоғарғы Кеңес сессиясымен Қазақ Кеңес Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы атауына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Сол сәттен бастап Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы өз тарихын аяқтады. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деген жаңа мемлекет пайда болды.

      1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Республикасының мемлекеттік егемендігі және тәуелсіздігі туралы» Заңын қабылдады. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы таратылғаннан кейін кеңестігінің барлық мемлекеттердің ішінен Республика ең соңғы мемлекеттік егемендігін жариялады.

    Мемлекеттің егемендігі жарияланған сәттен бастап, еліміз «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» ұлттық мерекесін тойлай бастады. Тәуелсіздігін алу негізі халықтың ерік, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, Қазақстан халқының тарихымен, оның өмірі және экономикалық саяси жүйесінің қайта құрылуы болып табылады. Даңғыл жол, алыс пен жақынды қосатын, бүгінгі мен болашақты жалғайтын – ұлы даңғыл. Тәуекел қайығына мініп, тәуелсіздік даңғылына түскенімізге – бүгін міне 25 жыл толып отыр. Басқа халықтар ғасырлар бойы өткен бұл даңғылдан біз жиырма бес жылда өтіп отырмыз.

      Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізіп, «Отан» деп жүрегімізді қақтырып, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп, ата-жұртын сүйдірген ұғым.

   Бұл тәуелсіздік елімізге тер мен қан төгілмей, оңайлықпен келе қалған жоқ. Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, елбасымызды, халқымызды барша әлем танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым елге айналды.

      Елбасымыздың арқасында елімізді әлем танып, мойындады. Көреген басшы, парасатты қайраткер, ұлы көшбасшы, дана тұлға-дара тұлға ретінде Тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевты халқы қолдап, ата-бабамыз аңсап кеткен күнге жетіп отырмыз.

        Мәңгілік еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, еңсесі биік, мәртебесі берік, биіктерден шарықтап асқақтай берсін - Қазақ елі!

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру