детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 37 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1027537
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
53
158
3716
1593
3127
1010257
1027537
Ваш IP: 18.223.196.59
Время на сервере: 06-05-2024 07:35:31

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (12.01.1912 — 22.08.1993)– аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,  Қазақ  КСР Ғылым академиясының академигі. Алматы қаласында дүниеге келген.

      Д. Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын  ел басқару ісіне арнады, ширек ғасырға жуық  Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. Ол жауапты басшылық қызмет атқара жүріп,республикадағы таукен ісін дамытуға қомақты үлес қосты. Республиканы  басқарған жылдары  Қазақстанда жаңа өнеркәсіпті аудандар қалыптасып, елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды. Павлодар-Екібастұз отын-қуат кешені, Қарағандыдағы ГРЭС-2, Шығыс Қазақстандағы  Бұқтырма су электр  станциясы, Павлодар  трактор зауыты, т.б кәсіпорындар осы кезеңде іске қосылды. Маңғыстаудың  мұнай кен орындары игерілді, теміржол құрылысы, көлік түрлері дамыды Республика титан, магний, синтетик,  каучук өндіре бастады. Электротехника, машина жасау, химия салалары дамыды.  Жезқазған, Маңғыстау және Торғай облыстары шаңырақ көтерді. Д.Қонаев Алматы облысы, Кербұлақ алқабын игеруге, Қапшағай су қоймасын, Үлкен Алматы каналын салуға ерекше көңіл бөлді. Алайда Қазақстан экономикасы, жалпы алғанда, Одақ үшін шикізат базасы бағытында дамыды, мұнда көп жағдайда өнім шығарушыға қол жетпеді. Бүкіл Кеңес Одағына тән экономиканың милитарлануы Қазақстанда да орын алды. Алматы, Өскемен, Петропавл, Орал, Степногорск, т.б қалаларда үлкен заводтар әскери өнім шығарумен айналысты. Қазақстанда кең алқаптарды  алып жатқан полигондар мен әскери өнім шығаратын кәсіпорындар экологияға орасан зор нұсқан келтірді. Қазақ әдебиеті  пен өнердегі, мәдениет пен  ғылымдағы  ахуалды әрдайым бақылап отырды. Республикаға Д. Қонаев басшылық  жасаған тұста  Қазақстанның              5 томдық академиялық тарихы қазақ және орыс тілдерінде  жарық көрді. Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын  сақтап қалуда табандылық көрсетті,  Д. Қонаев қызметтен кетуге байлам жасады.

      1986ж 16 желтоқсанда өткен Қазақстан Компартиясы ОК-ң пленумы КОКП ОК-ң өкілі  Г.Разумовскийдің  ұсынысымен  Д. Қонаевтың   орнына ҚКП ОҚ-ңі хатшысы етіп Г.В Колбинді  сайлады. Д. Қонаевтың орнына өзге ұлт өкілінің тағайындалуын   қазақ халқы ұлттық кемсітушілік  ретінде қабылдады. Мұның  соңы  КСРО-ғы ұлт саясатына қатысты халық көңілінде қордаланған наразылықтардың сыртқа шығуына  алып келіп, Желтоқсан көтерілісіне ұласты. КОКП ОК-ң Д. Қонаевты көтерілісті ұйымдастырушының бірі деп санады. Сөйтіп 1986 жылы 26 маусымдағы  пленумда «Қазақстан Компартиясы ОК-ң 1 хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы  жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП ОК-ң мүшелігінен  босатылды. Көп кешікпей, ол ҚКП ОК-ң мүшелігінен де шығарылды. Д. Қонаев қайтыс  болғаннан кейін Қазақстан  ҒА-ң Таукен және  түсті  металлургия институтына  еліміздің  бірқатар мектептері мен көшелеріне Қонаев есімі берілді.     

 

ЕҢБЕК ЖОЛДАРЫ

  1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болдыі.

      1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.

     1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.

    1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.

       1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 

       1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.

     1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.

 

ИГІ ІСТЕРІ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ

         Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутатыболып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.

1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды. Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда2болды.2Оның2ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған РудныйЕкібастұзШевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, СтепногорскТеміртауЖаңатасКентауАрқалық қалаларысалынды. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.

    Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен  Лисаков кен-байыту комбинаттарыЖезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру