детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 44 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1026891
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
72
1981
3070
1593
2481
1010257
1026891
Ваш IP: 3.149.233.72
Время на сервере: 03-05-2024 07:07:08

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Әлемді кітап арқылы танимын»

 ең көп оқитын оқырмандар арасында өткен

 «Ескен Елубаев оқулары»

 атты облыстық байқауы

 

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақтың аса көрнекті балалар жазушысы, ақын Ескен Елубаевтың туғанына – 75 жыл толуына орай «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп оқитын оқырмандар арасында «Ескен Елубаев оқулары» атты облыстық байқауы өткізілді. Кітапхана ұжымы ауылдан, ауданнан, қаладан іріктеліп алынған балаларды лимузинмен қаланы серуендетіп, қызыл кілем төсеп қарсы алды. Оқырмандарға жазушының шығармашылығынан жасалған «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесі қойылды.

Байқауға шақырылған қонақтар "Ол-Жас" баспасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Республикалық "Балалар кітабы" қоғамдық қорының президенті, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайым Қанат Рашидұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы Құттыбаева Жадыра Нұржанқызы, ақын, сазгер, әнші, журналист Битенова Үміт Қыранқызы төрелік етті.

Байқау жас ерекшеліктеріне қарай 2 топтан тұрды. Байқауға кітапхананың оқырманы болып табылатын 7 мен 10 жасқа дейінгі және 10 мен 15 жас аралығындағы оқырмандар қатысты.

Байқауды 4-кезең құрады:

1. «Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын» сайыскердің өзін-өзі таныстыруы (3 мин).

2. «Ескен Елубаев – балалар әдебиетінің көрнекті ақыны» Е.Елубаевтың өлеңін жатқа оқу немесе әңгімелерінен сахналық қойылым қою (3 мин).

3. «Портрет галереясы» портреттегі бейненің кім екенін табу (3 мин).

4. «Әдеби бәйге» Ескен Елубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру. Байқауды ұйымдастырушылар мен сарапшылар алқасының ұйғаруымен жеңімпаздар анықталып, қатысушылар арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. 7-10 жас аралығындағы қатысушылардың арасынан бас жүлдені және 25 000 теңге ақшалай сыйлықты ұтып алған №21 орта мектептің 5 сынып оқушысы Қайрат Нұрдәулет, І-орын 15 000 теңге ақшалай сыйлықты №39 мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы Ғаниұлы Әли, ІІ-орын 10 000 теңге ақшалай сыйлықты Тыныштықбай Елдос – Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы, ІІІ-орын 5 000 теңге ақшалай сыйлықты №23 орта мектептің 5-сынып оқушысы Момын Нұрым жеңіп алды. 10-15 жас аралығындағы бас жүлде 25 000 теңге ақшалай сыйлықты Нұрлан Нұргерім – Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылының № 1 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы, І-орын 15 000 теңге ақшалай сыйлықты Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылының Н.К. Киікбаев мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Жанатбекқызы Жұлдызай, ІІ-орын 10 000 теңге ақшалай сыйлықты Жамбыл ауданы Қызылқайнар аулының Жасөркен орта мектебінің 9 сынып оқушысы Шеңгелбаева Ұлдана, ІІІ-орын 5 000 теңге ақшалай сыйлықты Меркі ауданы, Ақарал ауылының Ақарал орта мектебінің 7 сынып оқушысы Секен Ерхан жеңіп алды. Қалған қатысушалар мадақтама грамотасымен марапатталып, естелікке байқауда түскен суреттері таратылды.

 

          

 

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру