детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 56 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1033797
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
310
804
4363
1950
9387
1010257
1033797
Ваш IP: 3.133.139.105
Время на сервере: 19-05-2024 16:08:08

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Абай атындағы орталық кітапхана

Тараз қаласы

 

Кітапханалық ассорти

Әр адам ең болмаса бір рет кітапханада болған шығар. Онда болған әр адам ерекше мәдени және ағарту, саналы ойлар мен жоғары сезім әлеміне тап болғандай. Кітапхана қай кезден бастап өмір сүре бастаса да, басылымдар мен кітаптар беттерінде бейнеленген ойлар мен сезімдер әлемі қоғамдық өмірдің – кітапхана әлемі, кітап әлемі, сөз әлемінің ажырамас бөлігі болған, әрине бола береді де.

Егер Сіз, оқырмандар кітапханаға тек кітаптар үшін барады деп, ойласаңыз, онда сіз өмірден артта қалдыңыз. Заманауи кітапхана - тұтас мәдени орталық, бұл жерде тек кітап оқу емес, әртүрлі үйірмелерге, көрмелерге, концерттерге, қойылымдарға, дәрістерге қатысуға болады. Ал егер ол балалар кітапханасы болса, онда әртүрлі ойындар, сомдау, сурет салу, би ойындарын өткізуге болады Кез келген бала – тіпті бір әріпті де білмейтін болса – ол жерде өзіне ұнайтын іспен айналаса алады. Және ол өте маңызды, барлық қызықты іс-шаралардың көбісі балалар кітапханаларда тегін жүргізіледі.

Заманауи кітапханада соңғы онжылдықта көру мен тыңдауды кітап оқудан артық көретін сандық технологияларға, балалар және жастармен жұмыс істеудің ерекше стилі, тәсілі пайда болды.

Кітапханалардың мәдени-бос уақыты қызмет дамуының заманауи кезеңі шығармашылық үшін үлкен еркіндікпен сипатталады. Кітапханашылар өз жұмысында мультимедиялық технологияларды, Интернетті, web-дизайнды пайдаланады. Жаңа бағыттағы көпшілік жұмыстың жандануы туралы, бірақ уақытпен тексерілген дәстүрлермен үйлескен осы жұмыстағы инновациялық ағым туралы айтуға болады.

Қызмет көрсетудің сапасын арттыруға көпшілік жұмыстың жаңа түрлерін игеруге ықпал жасайды: флешмоб, квест, буккроссинг және т.б.

Соңғы кезде кітапханалық ассорти деп аталатын бір бағдарламадағы бірнеше түрлердің үйлестіруі аса танымал болды. Осындай кітапханалық ассорти біздің жүйедегі  балалар бөлімдерінде де өтеді.

Мысалы, М. Әуезов атындағы кітапханада өткізілген ашық есіктер күні. Квесстен, викторинадан, сахналық қойылымдардан, флешмобтан, hand-maker ден  тұратын бұл нағыз кітапханалық ассорти болды. Күннің басты кейіпкері, әрине Кітап! Осы мейрамды ұйымдастырған кітапханашылар үшін ең жоғарғы марапат – ол балалардың жарқыраған көздері мен қызығушылықтары.

Жасөспірімдер үшін №6 кітапхана-филиалында кітапханалық ассорти «EXPO 2017. Болашаққа көзқарас» атты IT – галерея  іс – шарасы ағымдағы жылы Астанадағы ЭКСПО -2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына арналды. Ерекше ғылыми жобалардың презентациясы, кескіндемелік жұмыстардың көркем вернисажы, ғылыми-танымал кітаптардың шолуы, ұсынылған жобалар бойынша дискуссиялар – бұның барлығы шығармашылықтың қайталанбас атмосферасын жасады.

Жаз бойы біздің қаламыздың саябақтарында «Жазғы оқу залы» жобасы бойынша жұмыстар атқарылды. Іс-шаралар тек кітап көрмесі және мерзімділік басылымдармен шектелмейді. Саябаққа келушілер үшін бағдарламаға міндетті түрде библиографиялық шолулар, викториналар, ойындар кірді. Осындай өзгеше ассорти қала тұрғыдарының және қонақтардың көңілінен шықты.

Кітапханалық ассорти ірі іс-шараларды жүргізу үшін қолайлы: мерекелерді, фестивальдарды, бенефистерді. Мысалы, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай – мереке бағдарламасы ойындардан, викториналардан, көңілді эстафеталардан, әдеби кейіпкерлермен танысудан, флешмобтан тұрды.

Оқырман бенефисі –ол да өзгеше кітапханалық ассорти. Осындай іс-шара жиі Ғ. Мұратбаев атындағы кітапханада ұйымдастырылады. Бенефис бағдарламасында: кітап презентациясы, оқырманның сүйікті шығармаларын дауыстап оқу және т.б.

Балалармен жұмыс жасаудың бұл түрі – соңғы инстанция емес, жұмыстың басқа да қызықты түрлері мен формалары бар. Балалар және жастармен жұмыс жасаудың бастысы – креативті, шығармашылық болу, жаңадан қашпау, олардың талаптары мен сұраныстарын білу, және осы талаптары мен сұраныстардың тізіміне міндетті түрде кітап пен кітапхананы кіргізу. 

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру