детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 116 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1033775
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
288
804
4341
1950
9365
1010257
1033775
Ваш IP: 18.119.142.246
Время на сервере: 19-05-2024 12:44:26

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

 С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы

Тақырыбы:    Кітапхана  жастар үнімен

Дайындаған: Кайнакаева А.

 

Қызықтыратын  кітапхана : Жастар көзқарасымен.

-         Кіріспе сөз

-         видео

-         біздің кітапхана;

-         схема видео; (кітапханада өткізілетін шаралар)

    Кіріспе:

     Әлем жаңару, жаңғыру үрдістерін бастан кешіріп отыр. Таптауырын көзқарастар, стандартты шешімдер бүгінгі күн талабын қанағаттандыра алмайды. Заманауи өзгерістер қамтыған қызметтің бір түрі – әр елді мекендегі   кітапханалар.  Кітапхана саласындағы  өзгерістер кітапханашыны да шет қалдырмады. Кітапханашы бүгінгі күндегі әмбебап мамандықтардың біріне айналды. Кітапханашының негізгі міндеті әдеттегі біз білетіндей,  тек кітаппен  қамтамасыз ету емес, әдеби дәстүрлер мен заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы тұлғаның жан-жақты, интеллектуалдық және рухани дамуына жағдай тудыру болып табылады. Кітапхананы басқаша айтатын болсақ, мектептің оқу-тәрбие үдерісінің діңі, негізі деп айтуға толық болады. Бүгінгі  кітапхана  қоғамның ақпараттық орталығына айналып отыр. Қазіргі уақытта кітап оқудың төмендеп,  кітапханаларға  деген таптауырын көзқарастың қалыптасып отырғаны ешкімге де жасырын емес. Кітапханаға оқушылардың тек ақпарат алу мақсатында ғана жүгінетіні де ащы шындық. Бұл  кітапхананың,  кітапханашының имиджін көтеру қажеттілігін көрсетіп отыр. Кітапханашының имиджі дегеніміз не? Оны қалай қалыптастыруға болады? Кітапханашының имиджін кімдер қалыптастыруы керек? Осы маңызды сұрақтар бүгінгі күндегі аса өзекті мәселелердің қатарына жатады.

2. Бейнебаян, жастармен сұрақ

       Имидж дегеніміз – адамның, мамандықтың келбеті, болмысы, бейнесі, көпшіліктің қабылдауы. Бұл жасөспірім мектеп оқушыларының  кітапханадан өзіне қажеттісін табуда ғана емес, тұлға ретінде жан-жақты ашылып, дамуына да ықпал етеді. Соңғы технологиялардың тілін жетік білу, оны жұмыста тиімді пайдалана білу - кітапханашы қызметінің жарнамасы ғана емес, кітапхана арқылы жас ұрпақты тәрбиелеудің таптырмас құралы. Кітапханашының имиджін қалыптастыруда құзыреттіліктермен қатар, мерекелік  іс-шараларды ұйымдастырып өткізу де айтарлықтай рөл атқарады. Өткізілетін шараларды науқанға айналдырмай, оны мұқият зерттеп, зерделеп, жаңа серпін бере отырып өткізу кітапханашыдан асқан шеберлік пен көп ізденісті талап етеді. Соңғы уақытта кітап оқушылардың санының азайып кетуіне тікелей  кітапханашылар  да жауапты.  Жауыр болған  кітаптар көрмесінен басқа, кітапты насихаттайтын, оқырмандарды тартатын, ынталандыратын шаралардың тым аз өтетіндігі жасырын емес. Жасөспірімдердің оқырмандық талғамын қалыптастыруда, оқырман кітапханашы жүйелі түрде үздіксіз жүргізіп отыру керек. Оқырмандық мәдениет пен талғамды қалыптастырудың  перспективалы жоспарлары жасалып, заманауи технологияларды қолдана отырып өткізу көпшіліктің қызығушылығын тудырары сөзсіз. «Түнгі кітапхана», «Үнсіз кітап», «Отбасылық кітапхана», «Кел, сырласайық», «Кітаптар шеруі», «Кітап оқу сағатын» өткізу кітап мәдениетін дамытуда бір реттік шаралар аздық етеді. Осы бағыттағы жұмыстарды  жастардың  санын арттыруға септігін тигізетіні анық. Мұндай іс-шаралар кітапхана қызметін жандандырып қана қоймай, оның имиджін қалыптастыруға да негіз болады.  Кітапханашының үздіксіз біліктілік арттырып, соңғы жаңалықтармен таныс болуы да сондай маңызды. Кітапханашы имиджін қалыптастырудың маңызды бір факторы ретінде елімізде  болып жатқан өзгерістерді айтуға болады. Бұл өзгерістермен қоса, кітапханашы мәртебесі де өзгеруі тиіс.

Бүгінгі күні кітапханашысының жаңа имиджі, образы ретінде  жан-жақты  кітапханашыны айтуға болады. Бұл - кітапханашының жаңа мәртебесі ғана емес, әлеуметтің сұранысы, талабы. Себебі мәдениет саласындағы  өзгерістердің алдында  кітапханашы тұруы керек.  Барлық  кітапханалар  бүкіл өзгерістердің негізі,  діңіне айналуы тиіс.  

Сондай  кітапханалардың бірі  Ақтөбе облыстық С.Жиенбаев атындағы  жасөспірімдер  кітапханасы. Бұл  кітапхана  40 жылға  жуық  оқырмандарын  жоғалтпай, заман  көшімен  ілесе  дамып келе жатқан  бірегей кітапханалар қатарында. Қашанда  жастарға сан түрлі  шаралар ұйымдастырып, кітап насихаттап,  мәдениет пен білімнің  дамуына  өз үлестерін қосып  жүреді. 

Білім - болашақтың энергиясы, негізі. Бүгінгі күні сол білімнің негізін әрбір кітапханада қалыптастырудың мол мүмкіндіктері бар. Кітапхана – оқушының еркін даму аумағы, ол баға қоймайды, ештеңеге мәжбүрлемейді, ертеректе айтқандай тұлғаның «рухани жедел жәрдемі», рухани жан-дүниесінің емшісі. Ендеше, кітапхананың жұмысын осы бағытта ұйымдастырып, жүргізу де маңызды.  Бізде  жоспар бойынша жасалатын шаралардың  барлығы жоғары  деңгейде жүргізіледі.

Тек шараны формалық түрде өткізе салу емес, ол өткізілген  шарадан  оқырман не алып кете алады. Сол жағын  ұжым болып зерделейміз.  Мысал ретінде  айта кететін болсам, Наурыз  мейрамы  қарсаңында  кітапханамызда  «Ару көктем, әз наурызым, ақ күнім!» атты мерекелік кеш өткізіп, артынан «Жыл атауындағы жануарлар кітапхананың кешкі әлемінде» атты саяхат өткіздік. Бұл шараның ерекшелігі неде? Оқырман жасының барлық  категорияларына ортақ. Өңіріміздегі  басқа кітапхана  қызметкерлері, мәдениет және өнер қызметкерлері, мектеп-колледж оқытушылары, кітапханмыздың тұрақты оқырмандары қатысты. Салт - дәстүрмен  басталған  шара жыл он екі ай санауындағы  жануарлар бөлмесіне саяхатпен  жалғасты. Театрландырылған қойылымдардың арқасында  кішкентай  оқырмандарымыз жыл он екі айға қандай  жан-жануарлар  бар екенін білді. Бұл жөнінде тіпті күнделікті өзіміз де нақты біле бермейтініміз анық. Ал қойылым арқылы біздің көзбен есте сақтап қала аламыз. Әр он екі жылдың  бөлмелеріне  жыл иесіне қатысты кітап көрмелері қойылып, сол жылы дүниеге келген атақты адамдар жөнінде, мінез-құлық ерекшеліктеріне қатысты жазылған ақын-жазушыларымыздың жұлдыз – жорамалдары,  кітаптары, жыл иесіне  қатысты кітап  көрмесі қойылды. Сондай – ақ оқырмандарға, қонақтарға жақсы көңіл күй сыйлағанымыз анық.

Соңғы уақытта елімізде жан-жақты кітапханашылар санының артуы байқалады. Бізде де бұл үрдіс бар. Кітапханашылар оқырмандармен қосылып  әр тақырыпта заманауи би «Флэш-моб » билеп, ән айтып, көріністермен де  жазушы  шығармалырын жеткізуге  тырысады.

Кітапхана медиотека, библиотека ғана емес, өмірдің мән, маңызын ұқтыратын мағыналы «текаға» айналу жауапкершілігін алып тұр.  Кітапханашы имиджі - қоғамның қарқынды дамуы алға шығарған бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Бүгінгі күні етек алып отырған кітап оқуға деген салғырт көзқарас.

Бүгінгі қоғамда экономикалық дамумен қатар халықтың мәдениеті мен білім деңгейі стратегиялық маңызға ие. Ақпараттық технология дамыған сайын адамға қоятын талаптар да күшейіп барады. Өзгермелі қоғам жағдайында адам өмір бойы оқуға мәжбүр. Өмір бойы оқу арқылы ғана адам өзіне табысты өмір жасай алады. Ол үшін түйінді құзыреттіліктерді игеру қажет. Ақпаратты қоғамда табысты өмір сүрудің кілті әрине, оқумен байланысты. Бүгінгі күні қоғам кітап оқу дағдарысын бастан өткеріп отыр. Оған басты себептердің бірі ретінде технологияның қарқынды дамуы мен адами құндылықтарға деген көзқарастардың алмасуын айтуға болады. Бұл жағдай өз кезегінде Ұлттың дамуына, мемлекеттің экономикалық  жағдайларына кедергі келтіреді. Әлемдегі дамыған мемлекеттердің барлығы дерлік кітап оқуға байланысты ұлттық саясат ұстанады. Мәселен, Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде мемлекеттік деңгейдегі арнайы кітап қорлары, агенттіктері жұмыс жасаса, 90-жылдардың соңында Ұлыбритания 3 жылға кітап оқудың Ұлттық жылы жобасын жариялаған. Кітап оқу бүгінгі күні әлемдік мәселеге айналып отыр. Біздің елімізде де «Бір ел-бір кітап», «Балалар оқуының қазақстандық картасы», «100 кітап», т.б. жобалар республика көлемінде жүзеге асырылуда. Әлеуметтанушы С.Н.Плотников кітап оқитын адам мен кітап оқымайтын адамның басты айырмашылығы олардың интеллектісінің дамуында екендігін көрсеткен. Кітап оқу арқылы тұлғада функционалдық сауаттылықтың негізін құрайтын түйіндік құзыреттіліктер қалыптасып жетіледі. Соңғы уақытта жүргізіліп жатқан халықаралық зерттеулер нәтижелері жасөспірімдердің оқу сауаттылығында бірқатар кемшіліктердің бар екендігін айғақтап отыр. Солардың қатарында функционалдық оқу сауаттылығы деп атап жүрген ақпаратты іріктеу, мәтінді өзектен өткізіп пайымдау, тұжырым жасау, қайта қорытып, оны өз пайдасына жарата білу сияқты дағдыларды айтуға болады. Бұл зерттеулер біздің қазақстандық жасөспірімдердің өз қатарластарынан едәуір кейіндеп қалғанын көрсетіп отыр. Әлеуметтік зерттеулер мектеп оқушыларының бастауыш сыныпта кітап оқуға деген қызығушылық деңгейінің жоғары екендігін, бірақ өсе келе олардың кітап оқу қарқынының төмендейтінін көрсеткен. Мұндай үдерістің қалыптасып отырғандығын  кітапханашылар  да растайды. Бұл үрдістің етек алып бара жатуының бірқатар себептері бар. Ең алдымен, сыртқы ақпараттың көптігі мен күштілігін айтуға болады, екіншіден, отбасылық кітап оқу құндылықтары қалыптаспаған, ата-ананың кітап оқуға деген қолдау көрсетуі жоқтың қасы, мектептегі кітап оқу мақсатсыз, жүйесіз жүргізіледі.

Бұл жүйесіздік әлеуметтік бейімделуге, табысты өмір сүруге кепіл болатын функционалдық оқу сауаттылық дағдыларының қалыптасуына кедергі келтіреді.

Функционалдық сауаттылық бүгінгі өзгермелі қоғамда адамның әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық үдерістерге белсенді қатысуын қамтамасыз ететін базалық факторлардың бірі болып табылады.

Оқу сауаттылығы тәрбие, білім беру мен мәдени дамудың базалық компоненті болып табылады. Кітап оқу - ұрпақтар арасындағы байланыс, сабақтастың алтын көпірі іспеттес, адами құндылықтардың негізі, өзегі. Кітап оқу арқылы тұлғаның ой-санасы жетіледі, сыни ойлау дағдысы қалыптасады, ақпаратпен өздігінен жұмыс істеу, талқылау, жүйелеу, жинақтау дағдылары қалыптасады. Кітап оқу – адам танымының белсенді қызметі, шығармашылықтың негізі болып табылады.

Оқырмандық мәдениет

 біріншіден, кітап оқушының қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне қарай кітапты іздеу, талдау, іріктеу үдерістерін түзеді.

Екіншіден, оқығанды есте сақтау үшін тілдік құралдар мен тәсілдерді таңдауы (сөз сөйлеуі, пайым, баяндама жасауы, жоспар, тезис, конспект, шығарма,аңдатпа,т.б.)

Үшіншіден, кейіпкерлердің іс-әрекетін пайымдау арқылы оқырмандық тәжірибені қалыптастыру(уайымдау, жақтасу, ойлау, тебірену, риза болу, қуану,т.б.) .

Кітап оқу – тұлғаның рухани және ақыл-ой дамуының негізі. Сапалы білім алуға қол жеткізудің басты кепілі оқу сауаттылығы болып таыблады. Оқу сауаттылығы барлық ғылым саласын игеруге негіз болады. Оқу сауаттылығы қалыптасқан қоғамда табыстың деңгейі жоғары, адамдардың бақуатты өмір сүруі қарқында өседі. Кітап оқу арқылы қоғам өзін-өзі тәрбиелеп, басқарып, дамытып үйренеді.

Кітап оқитын қоғам құрудың басты идеясы – адами құндылықтардан ажырамау. Кітап оқитын ұрпақ – ұлт болашағының кепілі.

Кітапханалар «өмір бойы оқу» парадигмасының негізін салушыға айналуы керек.

Кітапханамызда Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары «Ақ бата» танымдық-этнографиялық кездесу кеші  өтті.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-сатирик Төрежан Мәндібайдың 80 жасқа толуына орай «Сатира жанрының тамыршысы» атты кездесу кеші өткізілді.

«Кітапхананың кешкі әлемі» атты кешкі кітапхана кеші өтті. Бұл еліміз тәуелсіздік алған 25 жыл ішіндегі 9104 түн болатын.

Мақсаты: кітап оқуды адам өмірінің бос уақытында өзіне серік етіп, жаңаша бағытта танымдық-интеллектуалдық бағдарламаларға қатысып, тиімді өткізуге оқырмандарды тарту.

Осы күні кеште кітапхананың төбесінде ай мен жұлдыздар жарқырап тұрды. Дәлізде май шамдар жағылып, елестер жүрді. Бұл көрініс көңілді, әрі қорқынышты болатын.

«Кітаптар 25 жаста» осы тақырыппен еліміз тәуелсіздік алған жылы жарыққа шыққан, яғни баспадан шыққанына 25 жыл болған 25 кітаптың суреттері ілініп тұрды. Сонымен қатар, 25 жылдыққа орай кітап көрмесіде ұйымдастырылды. Кешкі кітапханаға жиналған кітапхана қонақтарын кітапхананың кішкентай оқырмандарына арналған «Балалар бөлмесі» қарсы алды. Бұл бөлмеде қазақ және орыс әдебиетіндегі ертегі кейіпкерлері жүрді. «Орыс және әлем әдебиеті залы» мұнда кітапханашылар қазақ және әлем әдебиетінің авторларын, ақын-жазушыларды сомдады. Кітапхана оқырмандары өлеңдер оқып таң қалдырды. «Асхана» бөлмесінде кірген адамдар ас дайындаудың қыр-сырын үйренді. Аспазшы өзі дайындап жатырған құймақ, қытырлақ тағы басқа дәмдерден қонақтарға ұсынып жатты.«Әсемдік салоны» бөлмесі әсемдіктің құпияларын ашып, келген қонақтарға шаш үлгілерін, тырнақ бояу тағыда басқа қызмет түрлерін жасады. Қорқынышты кейіпкерлер«Үрейлі бөлме»бөлімінен қарсы алса, ал біздің заманымызға дейінгі ежелгі адамдар «Ежелгі дәуір»бөлмесінде отырды.«Дизайн бөлмесі»бұл бөлмеде оқырмандардың қол өнерлерлері, қолдан жасалған бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана қонақтарымен мектеп оқушыларын «Балгер бөлмесі»қызықтырды. Бал аштырып, болашағын болжап риза болып жатты.«Жас отау және қонақ бөлмесі»қонақтарды қазақтың ұлттық тағамдарымен қарсы алып қонақжайлық көрсетті. Ұлттық жиһаздар сандық, көрпе, кебеже және ұлттық бұйымдар бөлменің сәнін келтіріп тұрды. «Астана мен Ақтөбе залы»бұл бөлмелерде кітапхана қызметкерлерінің жасаған бәйтерек макеті орналасты.«Аспан әлемі» бөлмесінде «Түнгі кітапхана» деген жазуы бар тортпен күн мен түн болып киінген кейіпкерлер қарсы алып қонақтарды таң қалдырды. «Күлкі бөлмесі» мұнда сайқымазақ, «Шрек», Фиона» сынды мультфильм кейіпкерлерімен кішкентай оқырмандарымыз суретке түсіп мәз болды.Сонымен қатар «Емхана», «Спорт залы», «Аспаптар бөлмесі», «Қызықты математика», «Техникалық бөлме», «Қазақ әдебиеті», «Тәуелсіздік залы», «Шеберлік залы», «СағиBank» бөлмелері оқырмандармен қонақтарға қызықты әсер қалдырып,  көпшілікке көңіл –күй сыйлады. Әр бөлме өзінің тақырыбына сай жабдықталып, безендірілді. Кітапхананың ғажайып түніне жиналған көпшілік көтеріңкі көңілмен, жылы лебіздерін білдіріп тарқасты.

Кітапхана 15-29 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдерге арналған. Жыл сайын он мыңға жуық оқырманға қызмет көрсетеді. Кітапханада Елбасының «Қазақстан – 2030» стратегиясына, «Мәдени мұра», «Жастар саясаты» мемлекеттік бағдарламаларына ерекше көңіл бөлінеді. Негізгі оқырмандар категориясы: жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының, кәсіптік лицейлердің студенттері, орта мектептердің жоғарғы класс оқушылары.

Кітапханада 4 қызығушылық клуб жұмыс жасайды: «Шапағат», «Аққауырсын», «Құрдастар», «Парасат».

Жыл сайын Ақтөбе қаласының барлық оқу орындарының 1-курс студенттеріне арналған «Бұл сенің кітапханаң» атты таным-саяхат айлығы өткізіледі. Сонымен қатар «Болашаққа мұра», «Оқы және өзгеге ұсын» акциялары аясында Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық - атқару жүйесінің департаментіне қарасты КА 168/3 жасөспірімдерді тәрбиелеу колониясында жылжымалы кітапхана тұрақты түрде жұмыс жасайды.

 

Ақтөбе қаласы

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру