детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 55 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1033806
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
319
804
4372
1950
9396
1010257
1033806
Ваш IP: 18.188.103.162
Время на сервере: 19-05-2024 16:38:52

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін

азаматтар кітапханасы

 

Елгезекова Алия Жақсыбайқызы

 

Кітапханалық бағдарламалар

(баяндама)

 

Құрметті  қонақтар, әріптестер, бүгінгі ғылыми-практикалық конференция жұмысына сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көрктін азаматтар кітапханасы егеменді еліміздің жаңа даму сатысында ақпараттық білім қоғамына өзіндік үлес қосқан, көз мүгедектері мен жалпы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың талап-тілегін қанағаттандыратын орын.

Арнайы кітапхананың басқа кітапханалардан айырмашылығы оқырмандары мен кітап қорында.

Кітапхананың кітап қорында әдебиеттердің барлық түрі қамтылған, соның ішінде жайпақ-баспалы, бедерлі-нүктелі, дыбыстандырылған, электрондық ресурс түрінде әдебиеттер, бедерлі-графикалық құралдар және кіші қалыптағы мүсіндермен толықтырылған.

 Жалпы кітап қоры – 33121 дананы құрайды, оның ішінде бедерлі-нүктелі қаріптегі әдебиеттер – 4300 дана, дыбыстандырылған әдебиеттер -  9152 дана.

Кітапхананың негізгі оқырмандары:    зағип жандар, әр топтағы көз мүгедектері, «Соқыр және нашар көретін арнайы балаларға арналған «Болашақ» мектеп-интернаты» оқушылары мен мұғалімдері, «Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» емделушілері,  «№1арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» тұрғындары (яғни қарттар үйі).

Мүмкіндігі шектеулі адамдар біздің мемлекетіміздің толыққанды тең азаматтары екендігін бүгінгі күнде жалпы қоғам мойындап отыр.

Зағип, көру мүмкіншілігі шектеулі жандармен жұмыс істеу, қарым-қатынасқа тарту жолдары байсалдылықты, байыптылықты, қажет етеді. Олар да оқығысы, білгісі, түсінгісі келеді: айналада не болып жатқанынан хабардар болғысы келеді. Көздері көрмесе де, білуге деген құлшыныстары жоғары оқырмандарымыздың көңілінен шығуға тырысамыз.

        (слаид) Бүгінде кітапханада зағип оқырмандар үшін арнайы заманауи тифло - кешенді компьютерлер жиынтығы мен Virgo-4, тактильді бедерлі-графикалық құрылғы «PIAF», портотивті электрондық лупа «Руби», кітап оқитын электронды  «SARA CE» құрылғысы, тифлология бойынша әдебиеттердің электронды мәліметтер базасын қалыптастыру «Jaws-15» арнайы бағдарламаларын алып, Брайль алты нүктесі бойынша қазақша кітап шығаруға қол жеткізіп отырмыз (Қазақстанда Брайль қаріпіндегі  кітап шығару баспахана жоқ болғандықтан Ресейден орыс тіліндегі әдебиеттерді аламыз).

         Брайль қаріпінде басып шығарған кітаптарды аудандық орталықтандырылған кітапханаларда ашылған бөлімдерге және «Болашақ» мектеп-интернатының кітапханасына қайтарымсыз таратып отырамыз.  

         Жарық дүниенің дидарын көре алмай, көкірек көздері ашық зағип жандарға, көз мүгедектеріне барлық қажетті заманауи ақпараттарды жеткізе отырып, қызмет көрсетудің негізгі бағыттарын меңгеріп, кітапхана қызметін әрі қарай дамытудың жолдарын анықтау мақсатында мүгедектердің ерекшеліктеріне қарай арнайы бағдарламалар жасалынды.

Атап айтсақ:

-         «2014-2017 жылдарға арналған зағип және нашар көретін жандарға -  мәдени-әлеуметтік сауықтыру» бағдарламасы.

Бағдарламаның мақсаты:

         Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдениет, музыка, шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру; көз мүгедектерінің шығармашылық жұмыстарын жинақтау; зағип жандардың рухани-мәдени тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік туғызу, қоғамға кіріктіру;

          Зағип жандарды мәдени-рухани сауықтыра отырып,  кітапты оқыту арқылы әсемдікке, өнерге баулу; өмірге деген құштарлықтарын арттыру; мүмкіндігі  шектеулі жандардың мүмкіндігінің шексіз екендігін қоғамға айқындап көрсету;

         «Зағип және нашар көретін жандарға мәдени-әлеуметтік сауықтыру» бағдарламасы аясында бастау алып, негізгі өткізілген іс-шаралар:

          (слаид) «Біздің өлкенің мақтаныштары» атауымен танымал  азаматтардың рухани бағыттағы жетістіктерін мақтан тұтып, жергілікті ақын-жазушылардың мерейтойларына орай жыл сайын кездесу кештері мен  кітаптары Брайль қаріпінде шығарылып отыр.

         (слаид) «Үміт қанатында» атты көз мүгедектері арасында облыстық өнер фестивалі ұйымдастырылып, мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік берді. Фестивальға облыстағы  барлық аудандық «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшелері, аудандық зағиптар бөлімінің оқырмандары  қатысып, өз деңгейінде өтіп отыр.

          (слаид) «Өмірге құштар жандар» атты 13 тамыз – Спорт күніне орай зағип оқырмандарды өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі спортшылармен, салауатты өмір салтын насихаттап, патриоттыққа шақыру мақсатында  кездесу кештері ұйымдастырылады.

          Атап айтсақ, биылғы жылдың кеш қонақтары Рио паралимпиадасының еркін стильде 100 метрге еркін әдіспен жүзуден алтын медаль иегері Зульфия  Габидулина  мен тірек – қимыл аппараты зақымдалған және көру қаблеті төмен спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты иегері  Әбілхасымқызы Салатанат болды.

     Мүмкіндігі шектеулі  әрбір спортшымен кездесу кеші көз мүгедектеріне жаңа бір серпіліс пен өмірге құштарлық сыйлайды десекте болады.

                   (слаид) 2016 – 2018 жылдар аралығына «Ерекше балаларға - ерекше кітаптар»  бағдарламасы / оқылмайды /

         Көру қабілеті төмен немесе мүлде көрмейтін балалар ерекше тәрбие мен білімді, ерекше қамқорлықты қажет  етеді. Мамандардың айтуынша зағип балалардың басым көпшілігі интелекті дұрыс болып туады.

        Зағип балалардың қатарларымен бірдей дамуы үшін уақыт жоғалтпай білікті мамандарға (арнайы балабақша, арнайы мектеп-интернетқа,  тифлопедагог, дефектолог) ерте араласуы өте маңызды.  Бірақ балаға тек қана білім алу ғана емес, сонымен қатар ерте жастан бастап толық даму үшін қоршаған ортамен қарым-қатынас орнату және әлеуметтену қажет. Нашар көретін және тотальді зағип балалар әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауда сипау, есту, иіс сезу арқылы қалыптасады.

        Сондықтан да арнайы кітапханада көру қабілеті шектеулі балаларды, оқушыларды  кітапханаға тарта отырып  танымдық іс-әрекеттерін,  білімін  дамытуда,  оңалтуда әлеуметтік дәрежесін көтеруде, олармен жұмыс жүргізу сипаты да ерекше болуы қажет екендігін түсініп, байқадық. Сонымен, зағип балаларға кітапханалық қызмет көрсетіп, кітапханаға тарту үшін

(слаид бағдарламаның суреті) 2016 – 2018 жылдар аралығына «Ерекше балаларға - ерекше кітаптар»  бағдарламасы дайындалды.

Бағдарламаның мақсаты:

        Көзі көрмейтін және әлсіз көретін  балаларға өсу ерекшеліктеріне қарай

саусақ ұшымен сезіну,  өзіне тиімді   құралдар  арқылы    айналадағы өмірге бейімделуге,  білімін толықтыруға көмектесу;  

        Бәсекеге қабілетті және интеллектуалды тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету, көруі зақымданған  балаларды кәсіби бағдарландыру және әлеуметтік бейімделу мәселелерін, мәдени мінез-құлық әдеттерін тәрбиелеу.

         Атқарылатын істері:

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ішкі әлеуетін ашу арқылы оларды өмірге бейімдеу, зағип балалар қатарларымен бірдей дамуы үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып қоғамда әлуметтік бейімделулеріне және өмірге деген құштарлықтарын арттыру;

Көруі нашар балалармен жұмыс жасау үшін тиісті материалдық-техникалық база дайындап әзірлеу, тактильді кітаптар шығару;

         Көру бұзылыстары бар зағип балаларды әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға мақсатты бағыттау және баланың дамуын, өмірге бейімделуін, ойлау қабілеттері мен сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту.

         Бағдарламаны іске асырудағы күтілетін  нәтиже:

  • Зағип және көзі нашар көретін балаларға басқа балалармен бірдей  дәрежеде ақпаратты пайдалануға  мүмкіндік беру;
    •    Көруі нашар балалармен жұмыс жасау үшін тиісті материалдық-техникалық база дайындалып, оқу-әдістемелік  құралдар  және тифлотехникалық құралдармен арнайы кітапхананы жабдықтау;
    •    Зағип және көзі нашар көретін балаларға  арналған техникалық қондырғылар, ультра дыбысты кітаптар, тактилді  кітаптар  қорын  жинақтау;

Бағдарлама аясында атқарылып жатқан  іс-шаралар:

        (слаид) Бірінші кезекте арнайы  қолдан зағип балаларға тактильді кітаптарды  (ертегілер)  қолдан жасап ұсынып отырмыз. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілерінің барлық жанрлары балалар мен жасөспірімдердің тыңдауына, олардың ой-өрісінің дамуына, көңіл-күйінің жайлы, көтеріңкі болуына, мінез-құлықтарының қалыптасуына, өсуіне әсер етеді.  «Тапқыр қоян», «Үш аю», «Колобок», т.б. танымдық тақырыпта «Санамақ», «Жемістер», «Гүлдер», т.б. тактилді кітаптарды оқуға ұсынып отырмыз.

          (слаид)Екінші, тактильді графикалық құрылғы «PIAF» арқылы  әртүрлі тақырыптағы бедерлі-графикалық әдістемелер де шығаруға қол жеткізіп отырмыз. Айтар болсақ, «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» электронды энциклопедиясын қысқартылған форматта бедерлі-графикалық әдістемелік құралын,«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері», бедерлі-графикалық танымдық оқу құралдарын да жинақтап «Оқу құралдары», «Көліктер», «Жабайы жануарлар», т.б. тақырыптағы әдістемелер арқылы зағип балалар қоршаған ортамен танысуда.

Алдағы жылдарға осы бағдарлама арқылы қажетті қаржы қарастырылып,   көруі зақымдалған балаларға оңалту кабинетін  ашу, оқу-әдістемелік құралдар және тифлотехникалық құрал-жабдықтармен «Тифлофлешплеер EieeGeste (Ейегейст)», Parrot Voice Mate  (Пейрот войс мэйт) электронды органайзермен жабдықтау көзделіп отыр.

                                 (слаидТаблицаны қою.

(слаид) Мүмкіндігі шектеулі көз мүгедектерінің балаларына  жазда кітапханаға кітап оқуға шақыру мақсатында  қысқа мерзімді  үш күндік «Біз кітапханаға барамыз» атты жаздық лагерь (сағ:11.00 – 15.00)  ұйымдастырылып отыр. Лагердің әр күні өзінің ерекшелігімен, мазмұнымен, мәдени іс-шарасымен мүгедек балаларға қуаныш сыйлайды.

       (слаид) «Кітапханадағы тифлоқұралдар, сіздерді шақырады» атты  «Болашақ» мектеп-интернаты оқушыларын кітапханаға саяхатқа шақырып, замануи тифлоқұралдармен таныстыру жүргізіліп отырылады.

         Құрметті әріптестер, барлықтарыңыз түсінесіздер деп ойлаймын, зағип және көзі нашар көретін оқырмандарман іс-шара өткізу, сұраныстарын қанағаттандыру, тың идеялар ұсыну, кітапханаға тарту үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

         (слаид) 2017 – 2020 жылдарға арналған Жамбыл облыстық  көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының «Шектеулі мүмкіндік – кедергісіз кітапхана»  арнайы бағдарламасы дайындалды.

Бағдарламаның мақсаты:

      -  мүмкіндігі шектеулі  оқырмандарды рухани тұрғыда кемелденуіне,

әлемдік және ұлттық мәдени-тарихи бағалы мұралармен танысуына,    

жеке адамның өзін жан-жақты жетілдіруіне алғы шарттар жасайтын 

еркін ақпарат кеңістігін құруға ықпал ету;

      -  Зағип оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі мен тифлология бөлімін көз     

          мүгедектеріне барлық қажетті ақпараттарды жеткізетін кітапхананың     

          негізгі бөлімдеріне айналдыру;

-          Отбасылық оқырмандарға отбасылық  оқудың дамуына мүмкіндігінше жағдай жасау, отбасылық тәрбие бойынша әдебиеттерге қызығушылықтары мен сұраныстарын қанағаттандыру;

     Атқарылатын істері:

        Кітапхана  көз  мүгедектеріне кітапханалық қызмет көрсетудің негізгі бағыттарын меңгеріп, арнайы кітапхана қызметін  әрі қарай дамудың жолдарын анықтайды;

          Көзі көрмейтін оқырмандардың құрамын анықтап және олардың қызығушылықтарын, сұраныстарын  анықтап  мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау және құқығын қорғауға қатысты арнайы мерзімді басылымдары мен, тифлология материалдарымен қамтамасыз ету.

(слаид) Аталған бағдарлама аясында көз мүгедектеріне арнайы қызмет көрсетуде  SARA CE (камералы нұсқасы) оқу машинасы бар. Жаңа құрылғыны зағип адамдар мен көзі нашар көретіндер пайдалануда, өйткені SARA CE мәтінді дауыстап оқып қана қоймай, әріптің мөлшерін көзі нашар көретін адамға ыңғайлы мөлшерге дейін үлкейтеді. Бұл құрал-жабдықтарды әрбір тұтынушы қолдануға құқылы, (дискет, CD-дискі) көшіреді және мәтінді үлкен шрифтімен Брайль принтерінде көшірте алады.

(слаид) Тифлология бөлімінің ішінен Брайль жүйесі бойынша оқу және жазуға үйрететін "Брайлисть" үйірмесі, зағип және нашар көретін пайдаланушыларға «Зағип және компьютер»  үйірмесінде компьютерлік курс сабақтары жүргізіледі. Зағиптар және нашар көретін адамдар үшін компьютерлік сауаттылық сабақтары күнсайын, жеке-дара өткізіледі. Оқыту курсы – 20 сабақтардан тұрады. Оқыту тифлокешені және JAWS бағдарламасының көмегімен өтеді.

          «Шектеулі мүмкіндік – кедергісіз кітапхана»  арнайы бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар:

Арнайы кітапхананың белсенді оқырмандары қатарына отбасылық оқырмандар жатады. Оларды «Отбасылық оқырман» деген атпен бөлек есепке аламыз. Кітапханамыздың ең белсенді оқырмандары да осы отбасылық оқырмандарымыз.

          (слаид) Мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасыларын қоғамға бейімдеу, бедерлі - нүктелі  Брайль әдебиеттерін оқуға  насихаттау, отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындыру, патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Менің отбасым – салауатты өмірде» атты отбасылық сайыс өткізілді. Көз мүгедектері арасында өткізілген отбасылық сайыс ерекше қызығушылықта  және үлкен тартыста өтіп, әр отбасы өз өнерлері мен білімдерін ортаға салып, жан-жақты шеберліктерін көрсетеді.

          (слаид) Мүмкіндігі шектеулі оқырмандар арасында  қазақстандық бірегейлікті дәл осы спорттық  жарыстарда өлшеуді ұсына отырып,  «Мәңгілік ел» идеясын спорттық жарыс арқылы насихаттауда  «Мәнгілік Ел» атты стол ойындарынан жарыс  Жамбыл облыстық «Қанағат» спорттық мүгедек жастар қоғамындағы спортшылар (көз мүгедектері) арасында өткізілді.

(слаид) Елбасымыз Н.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын басшылыққа ала отырып көз мүгедектерің  рухани тұрғыда кемелденуіне, әлемдік және ұлттық мәдени-тарихи бағалы мұралармен танысуына ықпал жасау мақсатында  Жамбыл облыстық тарихи – өлкетану музейімен бірлесе отырып «Көне Тараз – Мәңгілік елдің бесігі» атты музейге саяхат «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшелерімен өткізілді. Музейдің экскурсия жүргізушісі          Тараз қаласының тарихынан сыр шертетін бірегей құнды жәдігерлермен таныстырды. Саяхаттың соңында «Жұртшылықпен кездесу» залында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, көз мүгедектері экскурсиядан алған әсерлерімен бөлісті.

         (слаид) Сондай-ақ, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған «Туған жер» арнайы жобасы аясында Жамбыл облыстық мәдениет, мұрағаттар және архивтер басқармасының қолдауымен ЮНЕСКО-ға енген Ақыртас қасиетті сарай кешенімен таныстырып, өлкенің рухани, мәдени мұраларын насихаттау, елжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Ақыртас – ғаламның сегізінші кереметі» атты саяхат көз мүгедектері арасында (автобуспен апарып келу) ұйымдастырылды. Мемлекеттік «Ежелгі тараз ескерткіштері» тарихи – мәдени қорық мұражайының экскурсия жүргізушілері Шайділдаев Асылжан мен Оразбекова Ақжан тарихи саяхат барысында Ақыртас жайлы аңыз әңгімелер,  тарихи деректер, бүгінгі күнге дейін жүргізіліп жатқан археологиялық қазбалар жайлы (қазақ, орыс тілдерінде)  айтып берді. Көз мүгедектері саяхатта өздерінің киелі жерге барып  өлкеміздің тарихымен танысып, қасиетті жердің бар екеніне қуанып, ризашылықтарын айтып, алғыстарын білдірді.

Ендеше, арнаулы кітапхананың басты мақсаты: Көзі көрмесе де асыл сөздің мәнін білетін көз мүгедектеріне барлық қажетті ақпараттарды жеткізе отырып, мүмкіндігішектеулі оқырмандары  үшін ақпарат, білім беру, мәдени-рухани сауықтыра отырып, бос уақытын тиімді өткізу  орталығы ретінде кедергісіз  кітапханаға айналдыру.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру