детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 35 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1033780
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
293
804
4346
1950
9370
1010257
1033780
Ваш IP: 3.147.84.71
Время на сервере: 19-05-2024 14:06:42

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Кітапхананың жобалық қызметі – балалардың әлеуметтік-мәдени белсенділігін қалыптастырушы фактор

Қ. Қалиева

«Абай атындағы

Қарағанды облыстық

балалар кітапханасы»  КММ

орта және жоғары сынып

 оқушыларына

қызмет көрсету

 бөлімінің басшысы

 

    Қайрылы күн құрметті республикалық ғылыми – практикалық конференцияға қатысушылар. 

  Жас ұрпақты білімді, саналы, рухани сусындаған жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеу – бүгінгі заманда талабы.  Елбасы  Н. Ә. Назарбаев «XXI ғасы -  мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана»  деп көрсеткендей, XXI ғасырдағы қоғамдық өзгерістер, ашық ақпараттық кеңістікке  өту, қоғамның, ақпараттануы, өркениеттік деңгейге көтерілуі кітапханалардың да жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Бүгінгі бала ертеңгі ел азаматы жас кезінен бастап парасат биігіне, рухани өмірдің әлеміне жетелеу үшін олардың құлақтарына бесік жырын, ана әлдиін жүрегіне сіңіріп, туған халқын сүйетін, тілін қастерлейтін, мейірімді, тәрбиелі азамат болып шығуына кітапханамыздың да тигізер пайдасы орасан зор. Олай десек, қайнаған тіршілік ортасына айналып кеткен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында көптеген жұмыстар жүргізіледі.

Атап айтар болсақ, 2013 жылдан бастап «Балалар. Жаз. Кітап» атты ұзақ мерзімді жобаны жүзеге асыру аясында жазғы кітапхана алаңы жобасы жұмыс жасап келеді. Бұл жобаның негізгі мақсаты: жаз мезгілінде балаларды және ата-аналарды кітап оқуға шақыру, қызығушылықтарын арттыру, балалар әдебиетін насихаттау. Жазғы кітапхана алаңы әр аптаның сәрсенбі күні, орталық саябақта, зообақта, Кеншілер Мәдениет үйінің алаңдарында, қала тұрғындары демалатын орындарды өтеді.

Жас оқырмандарға таза ауада оқу пайдалы, қызықты ғана емес, сонымен бірге қолайлы. Кез келген өтіп бара жатқан жолаушы ерекше шартсыз жазғы оқу залының оқырманы бола алады. Онда бір уақытта әртүрлі жастағы 30 балаға дейін сыяды.

Жазғы оқу залының қоры кітапхана қорынан жинақталады. Бұл жерде балалар, ата-аналар, жастар бос уақыттта мерзімді басылымдар қарап – көруге; балаларға кітап оқып беруге, оларды үстел ойыны мен ойнатуға; байқауларға қатысуға; өмірлік маңызды мәселелер бойынша тестілер мен сауалнамаларға жауап беруге; «Өзіңе кітапты сыйлыққа ал» (оқырмандардың алмасу қорынан)  акциясына қатысуға; «Оқып болсаң, басқаға бер»  қағидатына негізделген буккроссинг қатысушысы болуға  және  кітапхананы пайдалану ережесімен танысып, кейін оның оқырманы атануға болады.   Жас оқырмандарды жобаға қатысуға шақырып кітапхана сайтында мынандай хабарландыру болды. Құрметті балалар, және олардың ата-аналары! Сіздерді әрі әртүрлі тақырыптағы қызықты да тартымды, әрі танымды кітаптар және журналдармен, ойындармен, байқаулар және викториналармен кездесу үшін әр сәрсенбі сайын қаламыздың әртүрлі алаңдарында күтеміз!

Биылғы жылы  ұзақ мерзімді «Балалар.Жаз. Кітап»  жобаны жүзеге асыру аясында 14 маусымда  кітапхана алдындағы алаңда (жазғы оқырман залы) ашылуы өткізілді. Алаңға жазғы лагерьлерде демалатын оқушылар мен «Аққу» балабақшасының және «Эйнштейн» зияткерлікті дамыту орталығының балалары, сонымен қатар қаламыздың жасөспірім тұрғындары мен олардың ата-аналары  шақырылды. Балаларға мен ата-аналарға қазақстандық және шетелдік балалар жазушыларының шығармалары бойынша құрастырылған «Оқылмаған кітаптар елі» әдеби вернисажы ұсынылды. Сонымен қатар «ЭКСПО-2017 көрмесіне» арналып шілде айының 12-ші жұлдызында Орталық қалалық мәдениет және демалыс саябағының аллеясының алаңда «Ғажайып көрме-ЭКСПО 2017» атты ақпараттық сағат өткізілді. Шараға қатысқан балалар ата-аналарымен және Қарағанды облыстық туберкулезге қарсы шипажайында ем алушы балалар, мектеп жанындағы лагерьлерінің оқушылары ЭКСПО көрмесінің Қазақстан үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білімдерін көрсетті. Саябаққа жиналған балалар «ЭКСПО туралы не білеміз, не білдік?!» атты викториналық тапсырмалармен ойындарға қатысты. «ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне келген мемлекеттердің ортақ мақсаты не?» «Шетелдік қандай павильондарға баруға болады?», «Қазақстандық павильон неше қабаттан тұрады?», «ЭКСПО-ның пайдасы қандай?» атты сұрақ-жауаптарға белсене қатысты. Іс-шараға қатысып сұрақтарға үздік жауап берген балалар кітапхана тарапынан шағын сыйлықтарға ие болды. Алдағы уақытта «Балалар.Жаз. Кітап» атты ұзақ    мерзімді жоба өз жұмысын жазғы  маусымда жалғастыра береді.

 «Көк сандық»   кітап оқудың дамыту жобасы

Жас оқырмандарды кітап оқуға тарту мақсатында Дорис Шредер-Копф ханымның қолдауымен ашылған   немістердің қоғамдық қоры Германияда кітап оқудың дамыту бағдарламасына сүйеніп Мәскеу облыстық мемлекеттік балалар кітапханасының Көк сандыққа ие болды. Қызық бастамалары үшін үздік неміс кітапханалар   сыйлыққа кітаптарға толған Көк сандықты алды. Бұл жоба 2006 жылы Ресейге келді: «Германия оқиды» атты неміс қоғамдық қоры «Подмосковьенің балалар кітапханаларындағы Еуропалық апталар» және кітапты жылжыту мақсатында жасалған бастамалар үшін Мәскеудің облыстық мемлекеттік кітапханасын марапаттады. Осыдан кейін Мәскеудің облыстық мемлекеттік кітапханасы Көк сандыққа ие болды, Неміс әдістемсін негізге алып Мәскеу Облыстық мемлекеттік кітапханасы «көк сандықтың саяхатты» атты өзіндік  бағдарламаны жасады, сәуірдің 2007 жылынан бастап Подмосковьенің 63 аудандары мен қалаларына сапармен шықты. Жобаның авторы халықаралық ынтымақтастық жұмысының басшысы Лерман Елена Владимировна.  Мәскеу облысында  «Көк сандықтың» саяхаты 7 жылға жалғасты.

 Осы жүйеге сүйеніп Қазақстандық балалар кітапханасы арасында біздің кітапхана алғаш рет 2014  жылы мамыр айының 16-нан бастап «Көк сандық» халықаралық жобасы аясында жұмыс жасады. Жобаның мақсаты: кітапты насихаттау, кітапты оқудың мәніне және ерекшеліктеріне назар аудару, жаңа кітаптармен  және жаңа авторлармен танысу. «Көк сандықтың» басты миссиясы: балалармен ересектерді жақсы кітаптарды көбірек оқуға үйрету, ең үздік кітаптарды дұрыс таңдау, бір бірімен пікір алмасу. Қатысушылар: кітап оқуды дамыту бағдарламалармен белсенді жұмыс істейтін балалар кітапханалары, әлеуметтік балалар ұйымдары, балалар, ата-аналар, әжелер мен аталар. Ұран: Бәріміз оқимыз! Әрқашан оқимыз! Кез келген жерде оқимыз! Таңдаудың ұстанымы: кітапхана бағдарлама бойынша өзінің ұсыныстарын ұсыну керек. Осы ұсыныстардың негізінде саяхаттың жоспары құрылады. Содан кейін «Көк сандық» басқа қалаға немесе ауданға сапар шегеді. Саяхаттың келесі пункті басқаларға хабарланады. Кітапхана бағдарламаның өткені туралы есеп дайындайды. Кітапқа толған сандық таңдалған қала және ауданға барады. Көк сандық кітапханада 2 ай болады. Бағдарлама аяқталғаннан кейін кітапхана бағдарламаның негізін түсіндіреді, оны іске өндірудің жолдарын көрсетеді. Күтілетін нәтижелер: Кітапхананың оқырмандарының санын көбейту, балалардың кітап оқудың ынталарын  жақсарту. Жоба 2017 жылға дейін жоспарланып Қарағанды облысының  қалалары мен әр аудандарын  қамтыды.  Атап айтар болсақ: Қарағанды, Теміртау, Саран, Жезқазған, Балқаш, Приозерск, Абай, Шахтинск, Қаражал, Сәтбаев қалаларында Нұра, Осакаровка, Қарқаралы, Ұлытау, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Шет, аудандарында «Көк сандық» саяхатта болып оқырмандармен кездесіп 2017 жылы 16 наурызда жұмысын аяқтады.

«ХХІ ғасырдың патриотизмі: өткен және қазіргі тәжірибе 
дәстүрлерінде қалыптастыру»  облыстық
семинарда қорытынды кезеңінде 2014 жылғы маусымнан 2017 жылғы мамырға дейін облыстың 18 аудан-қалалары қатысқан «Көк қобдишаның саяхаты» халықаралық жобасын жүзеге асыру қорытындысы жасалды. Облыстың балалар кітапханалары арасынан үш кітапхана: Балқаш қаласының ОКЖ А.Гайдар атындағы ОҚБК, Жаңаарқа ОКЖ Б.Өтешов атындағы модельді балалар кітапханасы, Абай ауданының модельді орталық балалар кітапханасы атап өтілді, олар өздерінің қалалары мен ауданында балалар оқуын көпшілікке белсенді танымал етуді ұйымдастырып, кітаппен жұмыстың ең қызықты нысандарын енгізді, қоғаммен, БАҚ-пен байланысты қолдап, әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізді.  Үш балалар кітапханаларының меңгерушілеріне дипломдар және кітаптар топтамасы мен дойбы үстел ойыны берілді.

«Жетістік формуласы» бенефис-шоу жобасы

 

«Жетістік формуласы» бенефис-шоу жобасы 2017 жылдың  сәуір айында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен жүзеге асқан жоба. Жобаның авторы Жусупова С. Ж. инновациялық-әдістемелік бөлімнің басшысы, Жобаның басшысы Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының директоры  Уатаева Б.К.

 

Жобаның мақсаты: 12-16 жастағы балалардың өзінің дербестігін айқындайтын белсенді өмір салтын кеңінен насихаттау, Қарағанды қаласы мен облыстың табысты адамдарымен танысу арқылы  балалардың жеке өмірлік мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру, оқу беделін арттыру және кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту. 

Жобаның міндеті: қала мен облыста кітапхананың оң имиджін және беделін қалыптастыру; туған қаламыздың танымал адамдарымен танысуы барысында балалардың адамгершілік және патриоттық тәрбиесіне ықпал ету.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш», - деп атап өткен еді.

Әлеуметтік даму жобасы қала мен облыстың танымал адамдарымен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы балалар мен жасөспірімдердің барынша көпшілігін оқуға тартуды айқындайды. Бұл жоба табысты және атақты адамдарды үлгі ете отырып,  оқу құндылығы мен маңыздылығы идеясын ілгерілетуге,  балалардың  назарын үздік кітаптарға аудартуға бағытталған.

«Жетістік формуласында» оқушы-оқырманның сауалдары арқылы Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының танымал және құрметті тұлғаларымен диалог түрінде қарым-қатынас жасалады.

Мансабында, шығармашылық қызметінде белгілі бір жетістіктерге жеткен, кәсіби білімді меңгерген, социумда белгілі бір орын алатын ересек адам – Қонаққа құрмет көрсете отырып, 12-16 жастағы балалар өздерін толғандыратын түрлі сипаттағы сұрақтарды қояды. Ең басты шарты - Қонақ қарағандылық жерлесіміз болуы керек. Сұрақтар аясы әртүрлі: өмірлік құндылықтар, балалық шақ, оқу, білім, хобби және т.б.

Қонақ пен бенефис-шоуға қатысушылар бір сағат ішінде табысқа жету үшін және табыстылықтың басымды міндеттері туралы екіжақты диалог жүргізеді.

Еркін диалог нысанасында одан әрі толыққанды тұлғаны дамытудың іргетасын қалайтын ұрпақтар байланысы туындайды. Кітап және кітап оқу кездесу барысындағы өзекті және негізгі мәселе болып табылады. «Жұлдызға теңескенше оқы», «Балалық шағымның кітаптары» (Қонақтар ұсынған) кітап көрмелері көрсетіледі.

Қатысушылар үшін Қонақ таңдаған шығармадан үзіндіні дауыстап оқу жүргізіледі, немесе оны қонақтың өзі оқып береді.  Жобаны жүзеге асыру барысында таратылатын барлық ақпарат кітапты, оқуды, кітапхананы ілгерілетуге, сонымен қатар өскелең ұрпақтың азаматтық ұстанымын тәрбиелеуге бағытталған. Қонақ бенефис-шоу соңында ең қызықты сұрақты анықтайды және атап өткен қатысушыға өзінің сыйлығын тапсырады.

2017 жылдың 30 сәуірінде қала мектептерінің оқушылары және Құрметті қонақ - Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Мүлікұлы Ағымбаевтың қатысуымен «Табысқа жету формуласы» бенефис-шоу жобасының алғашқы кездесуі өткізілді.  Балалар қонақтың отбасы, балалық шағы және кәсіби қызметі туралы әңгімесін ықыласпен тыңдады. Әртүрлі тақырыпта: хоббиі, шетелдік гастрольдері, армандары, қызықты кітаптары, шығармашылық жоспарлары, табыстылығы және т.б. туралы сұрақтар қойылды. Еркебұлан Мүлікұлы бенефис-шоуға қатысушыларға өзінің дүниетанымына әсерін тигізген Р.Киплингтің «Маугли», Тоқтар Бейсенбиновтың «Ақиқат» кітабын, Д.Досжановтың шығармаларын оқуды ұсынды. Диалогтық алаң құрылды. Балалар қойылған 31 сұрақтың барлығына жауап алды. Қонақ бенефис-шоу соңында хореограф мамандығы жайлы ең қызықты сұрақты қойған, Алина есімді оқырманға, өзінің сыйлығын табыстады. Қатысушылардың назарына «Жұлдызға теңескенше оқы» кітап көрмесі, «Балалық шағымның кітаптары» тақырыптық сөресі, «Табыс» кітап инсталляциясы ұсынылды.


            2017 жыл 16 мамырда Кеншілердің мәдениет сарайының әдет-ғұрыптық залында «Табысқа жету формуласы» бенефис-шоу жобасының аясындағы  диалог алаңында Қарағанды облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік-мәдени дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, «НұрОтан» партиясының мүшесі Лилия Павловна Мухутдиновамен кездесті. Балалар кеш қонағының орындауындағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қайғылы оқиғаларға арналған Андрей Дементьевтің «Хатынь қоңыраулары» өлеңін тыңдады. Лилия Павловна «Қандай үш кітап Сіздің дүниетанымыңызға әсерін тигізді?» деген сұраққа балаларға Ким Костенконың «Бұл Краснодонда болды» деректі повесін, А.Фадеевтің «Жас гвардия» романын, В.Кавериннің «Екі капитан» шытырманға толы романын оқуды ұсынды.

Қазақстандық жеңіл атлетші, 2004 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Дмитрий Васильевич Карпов «Табысқа жету формуласы» жобасы аясындағы диалог алаңының кезекті қонағы болды. №102 мектеп –гимназияның, №3 гимназияның, №63 ЖОМ 7-9 сынып оқушылары Қонақты мұқият және қызыға тыңдады. Балалар тарапынан әртүрлі тақырыптағы: балалық шағы, отбасы, спорттық мансабы, қызығушылықтары мен құмарлығы туралы әртүлі сұрақтар қойылды. Мұндай кездесулерде кітапқа және оқуға деген көзқарасы алғашқы және негізгі сұрақ болып табылады. Біздің қонағымыз оқығанды жақсы көреді, бірақ толыққанды оқуға уақыты жоқ екенің айтып өтті. «Қандай кітаптар Сіздің дүниетанымыңызға әсер етті? – деген сұраққа Дмитрий «Азбуканы», Николай Носовтың «Приключения Незнайки в Солнечном городе» кітабын, Борис Акуниннің шығармаларын атады. Қонақ бенефис-шоудың шарты бойынша ең қызықты немесе ерекше сұрақ үшін жоба қатысушысына өз атынан естелік сыйлық сыйлайды. Осы кездесуде «Сіз өз жұбайыңызды сүйесіз бе? –деген күтпеген сұрақ қонаққа қатты әсер етіп, №102 мектеп-гимназияның оқушысы Ерасыл Серік сыйлық алды. Балаларға танысу үшін қазіргі заманғы балалар кітаптары «Жұлдызға теңескенше оқы» кітап көрмесінде, ал Дмитрий Карпов бала кезінен әсерлене оқыған кітаптары «Балалық шағымның кітаптары» тақырыптық сөресінде ұсынылды. Алаңда 35 сұрақ қойылып, барлық сұрақтарға жауап берілді. Кездесу соңында Дмитрий Карпов «Құрметті Қонақта кітабында», ал балалар «Оқырмандар пікірі кітабында» бенефис-шоу туралы естелік пікірлерін қалдырды.

«Жетістік формуласы» бенефис-шоу жобасы  2017-2022 жылдарға дейін жоспарланған. Жыл ішінде алты кездесу кеш өтеді. Қонаққа алдағы уақытта Серік Сапиев, Тоқтар Әубәкіров, Қыдырәлі Болманов және т. б  өз өлкеміздің қоғам қайраткерлері мен өнер майталмандары шақырылады. Жоба «Қазақстан - Қарағанда» телеарнасы мен бірлесіп өткізіледі.

Халықаралық жобалар

         Ағайынды Игнатовтар атындағы Краснодар өлкелік балалар кітапханасы ұйымдастырған «Жылдың ең үздік кітаптары» жобасына қатыстық.  Жобаның негізгі мақсаты:  Қазақстан, Ресей балалар кітапханаларында  аса көп оқылатын және талқыланатын кітаптар тізімін жасау, онлайн дауыс беруді ұйымдастыру. Ережеге сәйкес балалар кітапханаларының 11 жастан 15 жасқа дейінгі оқырмандары жобаға қатысты. Оқыған кітабы туралы пікірін шығармашылық тұрғыда орындағаны үшін жобаның үздік 14 қатысушысына дипломдар берілді. «Алақандағы кітапша – 2016» Халықаралық акциясы Самара қалалық округы муниципальды бюджеттік мекеме «Орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесі», Самара қалалық округы әкімшілігі мәдениет, туризм және жастар саясаты департаментінің тарапынан ұйымдастырылған. «Гвоздичка» балабақшасының жоғары топ балалары ұзақ жылдар бойы «Балдырған» республикалық балалар журналының бас редакторы болған Қазақстан балалар жазушысы Ескен Елубаевтің «Даналық тісі» жинағынан өлеңдерін тыңдады. И.Ф.Вараввы атындағы Краснодар өлкелік  жасөспірімдер кітапханасы жариялаған  биылғы халықаралық жобаға   ШҚО балалар және жасөспіпірімдер кітапханасы ақпарат беріп біздің Қарағанды облысының балалар кітапханалары белсенді түрде қатысып жатыр .

 

 

 

 

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру