детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 54 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1033785
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
298
804
4351
1950
9375
1010257
1033785
Ваш IP: 18.118.28.197
Время на сервере: 19-05-2024 14:47:57

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жамбыл облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қасымғалиева Ақмарал

 

Жастарды оқу арқылы рухани және патриоттық тәрбиелеу

 

Кез-келген мемлекеттің болашағы – оның жастары екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Бірақ бүгінгі таңда жастарды дәстүрлі түрде, біздің қоғамның болашағы ретінде ғана қабылдаған жеткіліксіз. Жастар – бүгінгі күннің ажырамас бөлігі және оны Қазақстанның болашағы үшін жауап беретін заманауй қоғамның органикалық бөлігі ретінде қабылдауымыз қажет. Жастардың даму дәрежесі, оның мәдениеті, біліктілігі ХХІ ғасырдың стратегиялық ресурсы болып табылады. Бұл ресурстың табиғи ресурстарға және басқа да потенциалға қарағанда маңыздылығы жоғары.

Қазақстан егеменді ел ретінде дамып жатқанына үшінші онжылдық болып отыр, соған қарамастан бүгінгі таңда жастардың бойында еліне, ұлтына, Отанға деген қазақи патриоттылықты қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Әл-Фарабиден бастап, мысалы, кешегі Абай Құнанбаевтың сөздерінде айтады: «Адамның бойындағы рухани даму, рухани сабырлылыққа, оны қанағатшылдыққа деген үлкен тәрбие болмаса, адамдар қай жерде жүргенде де өзінің жеке басының мүддесін ғана күйттеп кетеді», – деп. Сондықтан біз үлкен назар аударатын мәселе – рухани мен патриоттық тәрбие мәселесі.  Патриоттық сезім жалпы қазақ қанында, жалпы қазақстандықтардың қанында бар дүние.

Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі қоғамдық, мемлекеттік, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Ендеше, патриотизм идеясы жастарға білім мен тәрбие берудің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы керек. Өз халқыңның тарихының өнегелі жақтарын білу, өз еліңнің кешегі және бүгінгі қаһармандарын мақтаныш ету, олардың ерлігіне тағзым ету, жаужүрек бабалар рухына сай ұрпақ болып қалыптасу – патриотизмнің басты құрамдас бөлігі болып табылады.

Бүгінгі таңда жастарды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері қоғамның объективті қажеттіліктерімен анықталады. Елбасшымыз Қазақстандағы ұлттар Ассамблеясының ХХ-шы отырысы кезінде айтып өткендей «қазақстандықтардың тарихи санасы топтасуға жұмыс істеумен қатар, өзінің өткеніне, қазіргісіне және болашағына деген патриоттылық сезімді оятуға жұмыс істеу қажет».

Қазіргі жаһандану процесінің негізгі міндеті жан-жақты жетілген, эстетикалық талғамы биік, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары, әлемдік мәдениеттен хабары бар, ұлттық құндылықтарды қадірлей білетін, отаншылдық рухтағы тұлға етіп қалыптастыру.

Жыл басында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялаған болатын. Президент мақаласында негізгі бағыттарды таңдап алды, олар: ғылым, мәдениет, білім, рухани құндылықтар.

Мақалада айтылған маңызды дүниелердің бірі – білімнің салтанат құруы. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы – білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда.

Рухани жаңғыру тұсында «Туған жер» бағдарламасының да маңыздылығы арта түседі. Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді. Ал, ел жастары олардың әрбірінен хабардар болуы тиіс. Себебі, өз тарихына терең бойлай алған ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі. Сондықтан, қазір ғалымдардың алдына зерттеу-зерделеу тұрғысында үлкен мақсат-міндеттер қойылып отыр. Ғалымдар ұлттық бірегейлікті сақтау, жастарды рухани, патриоттылықтын салтанат құруы мақсатында қандай бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелерін де талқылады.

Соның ішінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алуды тапсырғанын білеміз. Президент əлемдегі ең жақсы 100 оқулықты əртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударуға тапсырма берген. «2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз» деді. Шындығын айтқанда, бұл ірі жобаларды іске асыру жағы бүгінде басталып та кетті. Елбасының тапсырмасымен Ұлттық аударма бюросы құрылды, биылдың өзінде философия, мəдениеттану, тіл ғылымы саласындағы 17 оқулық оқырманға жол тартпақшы. Бұл кітаптардың дені ағылшын, француз тілдерінен, яғни түпнұсқа тілдерден аударылуда. Олардың кейбірі күні бүгінге дейін орыс тіліне де аударылмаған екен. Бүгінгі таңда аталмыш мәселені əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Сүлейман Демирел университеті, Жоғары оқу орындарының қауымдастығы сияқты жоғары оқу орындары атқаруда.

Бұл бағдарлама аясында, ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім беріледі, осылайша білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярланады. Бұл арқылы мамандар прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады.

Біздің ойымызша, осы 100 оқулық мемлекеттік тіліміздің қолданысын кеңейтетін болашақтың бастамасы болары анық. Бұл алдымен қазақ тілінде білім алудың маңыздылығын айқындап, мемлекеттік тіліміздің қуаттануына, тереңнен тамыр жаюына мүмкіндік туғызады. Елбасы мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бөлімінде алда атқарылар бірнеше жобалар нақты көрсетіледі: «Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек».

Осылайша, болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында, кітапханаларда  қаланады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі – кітап»,- деп атап өткен болатын.

Бұл – мемлекеттің міндеті. Бұл рухани, үлкен жоба.

Қазақстан Республикасының барлық мақсаты мен мүддесі ұлттық бірізділікті сақтай отырып, тәрбие жүйесін жетілдіру, ұлтымыздың тарихи- дәстүрлі сенімін жаңаша әлеуметтік жағдаймен ұштастыра дамыта беру болып отыр.  Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Осыларды оқып өскен ұрпақтың санасы биік, рухани дамыған, нағыз патриот болатыны сөзсіз.

 

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру