детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 46 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1033780
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
293
804
4346
1950
9370
1010257
1033780
Ваш IP: 3.137.170.14
Время на сервере: 19-05-2024 13:45:49

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

 

Инкарбекова Гульфайруз Капаровна– кітапхана директоры

 

Жастар құндылықтарының бағыттарын қалыптастырудағы

кітапхананың ролі

 

Құрметті әріптестер, конференция қонақтары!

Жамбыл өңіріне қош келдіңіздер!

 

Көк туымыз желбіреп егеменді ел атандық. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мемлекетіміз ТМД елдеріне ғана белгілі болса, қазір экономикалық және саяси жетістіктері нәтижесінде Қазақстан бар әлемге танымал. Аймақтық көшбасшылыққа ұмтылған Қазақстан, енді бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруді көздеп отыр. Бүгінгі күні біз — әлем халқы бір кісідей Жаңа дәуір — Жаңа ғасыр – жаңа мың жылдыққа аяқ басып отырмыз. Сол мақсатқа жету үшін, республикамыздың түрлі саласын дамыту бағыттары белгіленіп отыр.Солардың бірі мәдениет саласындағы кітапхана ісі жүйесі.

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы республиканың көп кітапханалары сияқты тоқырау мен өрлеу кезеңдерінінен өтті

Балалар кітапханасы 1958 жылы 4 штаттық бірлігімен 3000 мың дай кітап қорымен жеке үйде ашылған болатын. Кітапхана өзінің ең алғашқы оқырманын 1958 жылдың 15 құркүйегінде қабылдаған еді. Содан 10 жыл өткенен кейін ғана, яғни 1968 жылы кітапхана Ж.Жабаев атындағы мектеп-интернатының асханасынан бір бөлмесінде 16 жыл жұмыс істеп келіп, 1984 жылдан бастап қазіргі кітапхана орналасқан ғимаратта, яғни Конаева 4 мекен-жайына орналасады. . Слайд 2

Бұдан кейін 1958 жылы ашылған балалар кітапханасы мен 1978 жылы ашылған жасөспірімдер кітапханасы 1996 жылы біріктіріліп Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы болып өзгертілді. Кітапхана тарихының жарты ғасырдан асқан сара жолында алғашқы болып Сунгурова Тамара Тимофеевна 1973 жылға дейін басқарса, 1980 жылдары Жангужинова Валентина Николаевна басқарған еді, бұдан кейін кітапхананы 2005 жылға дейін Қурбангалиева Дамира Қурбангалиева басқарған болатын. Слайд 3

Қазіргі кезде заман талабы сай, заманауи кітапхана өз оқырмандарына үздіксіз қызмет көрсетіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жұмыс жасап келеді.

Жаңару заманы қоғамымызға ірі өзгерістермен бірге ұлттық сананы, ұлттық қадір-қасиетімізді, табиғи даралық белгілерімізді жандандыруға жол ашты. Жалпы қоғамның рухани дамуын қолға алмай тұрып, экономикалық-материалдық саланы жолға қою мүмкін емес екені белгілі. Осы орайда ең басты көңіл аударатын мәселелердің бірі – жастарды тәрбиелеу және оларға білім беру деңгейін көтеру. Ал бүгінгі жастар – ерекше ұрпақ. «Сендер Тәуелсіз Қазақстанда өмірге келіп, жас Қазақстанмен бірге өсіп-дамып келесіңдер. Сендердің жастық шақтарың – біздің еліміздің қарқынды дамуы мен гүлдену кезеңі. Сендердің бүгінгі күндерің  Біздің мемлекетіміздің болашағы», — деген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөздері жастардың біздің қоғамда алатын орны зор екенін ерекше айқындайды.

Сондықтан да қазіргі таңдағы міндет-жаңашыл тәрбиелік мағыналы қасиеттерді әрбір өскелең оқырман бойында қалыптастыру. Елімізде білім алып жатқан әрбір азаматымыздың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі рухани дүниесінің байлығымен тікелей байланысты. Ал рухани байлық беруде ұстаздармен қатар кітапханашылардың да қосар үлесі зор.

Кітапханашылар әрбір оқушының талабын ескеріп, жан-жақты дамуын ұйымдастырушы бірден-бір тұлға. Кітапханашы оқырманың тек оқулықты алуына көмектесіп қана қоймай, сол оқулықты насихаттау жұмысын да қоса міндетіне алады. Сонымен қатар оқырман арасында библиографиялық-ақпараттық бағытта жұмыс істей отырып, олардың оқуға қызығушылығын арттырады. Осы орайда біздің кітапханада көптеген жұмыстар жүргізілуде.

Жаңашылдық бағытта кітапханаларда: тақырыптық кештер, дебат, еске алу кештері, кітап тұсаукесері, ринг-дискуссия, фестиваль, байқау, блиц-турнир, кездесу кеші, дөңгелек үстел, дәстүрлі емес кітап көрмелері, материалдық емес құндылықтарды  насихаттау (салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туарлы әдебиеттерді насихаттау) және т.б. жаңа жұмыстың түрлері кітапхана ісіне  енгізілуде.Осы тұрғыда төмендегі жүргізілген жұмыстарды көрсетсек.

Жастар қазір Интернетте отыратындары белгілі сол үшін жұмыстың жаңа формасы ФЛЕШБУК, Кітапханалық квилт, Дивертисмент кеші, Сыр сандық, Әдеби карта, Буккроссинг, Кәсіптік сағат, Библиофреш, Кітапханалық бульвар, Тертулия, Кітапхана түні (квест-шоу), «Коучинг» т.б іс-шара түрлері өткізілуде. Слайд 3-14

Мұндай шараларды ұймдастырудағы кітапханашының негізгі мақсаты-жастардың дүниетанымдық көзқарасының дамуына, халықтың мұңын, мұқтажын, қажеттілігін көрсететін рухани байлық-кітапқа деген өзіндік махаббатын оятуға ықпал ету,елімізде болып жатқан экономикалық-әлеуметтік өзгерістерді көрсететін басылымдармен таныстыра отырып, ел мүддесіне керекті жауапкершіліктерге ынталандыру.

IX - ғасырдың кітапхана жұмысының тәжірибесіне енген кітап көрмесі, құқығы бойынша кітапты жария етудің ең көп таралған түрі болып табылады. Бұл түрдің әйгілілігін, қордағы кітаптарды оқырмандарға жедел, әрі аз уақыт жұмсау арқылы таныстыру мүмкіндігін бере алатындығымен түсіндіруге болады. Көрмеде қойып көрсетілетін материал мазмұны мен көлемі жағынан әр түрлі болып келеді. Өз мақсаттары мен міндеті бойынша кітапхана қорының мазмұнын ашып көрсету, көрмеге барынша көп оқырмандарды шақыру арқылы кітапхананы және оның қорлары жайында білім беру–оқырмандармен жұмыс жасаудың формасы болып табылады, пайдаланушылардан жауап алатын бұл форма өте белсенді болып табылады. Кітап көрмесін даярлаған кезде оның мақсаттын тағайындауын анықтау керек. Жай ғана, оны не үшін және кім үшін ресімдейтінінді ойлау керек.

Кітапхана тәжірибесінде бірнеше аттай он жыл бойы дәстүрлі  кітап көрме түрлерін,  соңғы он жылдары дәстүрлі емес кітап көрмелері пайда болды. Оқырмандардың көбейіп бара жатқан талаптарын және әр түрлі қызығушылықтарын еске алып, кітапханашылар көрмелерді одан да қызығырақ және көркемді болсын деп тырысады. Сол үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Олардың ішінде оқырмандардың қызығушылықтарын танытқандары одан әрі  дамып арттырады. Осы соңғы жылдары кітапханалық тәжірибесінде келесі дәстүрлі емес көрмелердің түрлері белсенді қолданылады.

Мысалы айтар болсақ түрлі тақырыпты қамтитын «Сөздік кітап көрмесі», Көрме-сөзжұмбақ, Құжаттама көрмесі,  «Ұмытылған кітаптардың көрмесі», Ателье кітап көрмелері  және т.б.  15-24 слайд

Тек оқу мәдениетін ғана емес, оқырманды өзі жүрген ортаның мәдениетін, тарихын білуге ынталандыру мақсатында «Мен өлкемді зерттеймін!», «Әлемді кітап арқылы танимын» сайыстарын да ұйымдастырады. Мәселен, мен өлкемді зерттеймін атты жеткіншектер арасында өтетін байқау «Ескерткіштерді қорғау» дирекциясы қызметкерлерімен бірлесе отырып ұйымдастырылады. Өйткені балалардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын арнайы мамандар сараптап, әділ баға берілгені жөн. Сол сияқты «Әлемді кітап арқылы танимын» облыстық байқауының да басты қазылары ол жазушылар мен ақындар болды. Мұндай жұмыстар оқырмандардың тек туған жеріне, жүрген қаласына деген сүйіспеншілігін отансүйгіштік сезімін арттырып қана қоймай, өзінің ой-өрісін, білімге, оқуға деген құштарлығын арттыруға сөзсіз үлкен әсер етеді. Сонымен қатар жасөспірімдерді, әңгіме, шығарма, өлең жаза білуге және жазған шығармаларын талдауға қалыптастырады. Кітапханашылардың бұл еңбегі, оқырманның өз бетімен шығармашылық қабілетін дамыту үшін ізденісін арттыру, осы бағытта қажетті материалдар жинағын жасақтау, жүйелі жоспар жасау, оқытудың сапалық диагностикасын қалыптастыра отыру, шығармашылық жұмыстарды жинақтау сияқты маңызды мақсат-міндеттерді қамтиды.

Кітапханада жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралардың көбі насихат жұмысындағы өзекті мәселені анықтауға бағытталады. Мысалы, Елбасының жыл сайынғы жолдауларын таныстыру және оларды талдау жұмыстары негізінен кітапханашының ұйымдастыруымен оқу залында, дәріс аудиторияларында жүргізіледі. Бұған да оқырманды арнайы дайындап, алдыңғы жолдаулардағы қаралған проблемаларды соңғы жолдаумен салыстырмалы түрде талдау және сараптау жобалары өткізілді.

Алдыңғы көтерілген мәселелердің осы уақыт ішінде орындалған басымдықтары және жақын мерзімде орындалатындары туралы айтылып өтеді. Мұндағы кітапханашының мақсаты өскелең ұрпақтарымызды жаңашыл заманның заңғар ойлы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы қағидасынан хабардар болып, түйсініп жүруіне ықпал ету.

Кітапханашы осындай іс-шаралардың негізінде ой-пікірлері топтарды қалыптастырып алады. Бұл топтың ішінен шығармашылық қабілеті бар, өнерлі, өрелі оқырмандар іріктеліп шығады. Әдетте белсенді оқырмандар тобы тұрақты түрде 10-15 болғанмен, кейін басқа оқырмандар да осы топқа қосылуға қызығушылық білдіріп, өз бойындағы қабілеттерін шындауға икемделе бастайды. Осы үрдістер нәтижесінде кітапханашы негізгі мақсатының орындалып, саналы да сапалы білім алатын озық ойлы оқырманның қалыптасқанын сезінеді.

Қазақстандық қоғамның қазіргі кезеңдегі дамуында саяси мәдениетті тұлға тәрбиелеу мәселесінде - жеке тұлғаның дамуына барлық тәрбие бағытының ролі ерекше. Қазіргі жастардың саяси дамуына рухани-адамгершілік құндылықта өте қажет деп ойлаймын. Саяси мәдениетті тұлға – отбасынан нәр ала отырып, жалпы қоғамда өзінің тәрбиелілігін ары қарай дамыта түседі. Бұған көптен-көп әсер ететін фактор – орта. Әрине жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлардың барлығыда маңызды.

Әрбір уақыт кезеңінде адамдардың ақыл-ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны заңды құбылыс. Қоғамдық қарым қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс кітапханашы қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді. Тәрбие саласындағы қордаланған мәселелердің қатарында өскелен ұрпақ тәрбиесіне тигізер қоғам мен кітапхана байланысының ықпалы ерекше ден қояр мәселелердің бірі.

Бүгінгі қоғамдық өзгерістердің күрделігі жастардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауымның тыныс-тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді.

Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:

1. Жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.

2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.

3. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.

4. Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.

5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.

6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру үрдістеріне тарту. Слайд 15

Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс.  

Ақпарат құралдарының, озық ойлы зиялы қауымның күш-жігері, тәрбиенің бағыттылығы қоғамда отансүйгіштік, іскерлік, үлкенді сыйлау, өзін қастерлей білу, жеке басы мен жақындары үшін жауапкершілікті сезіну сияқты қасиеттерді жоғары қоятын оңтайлы орта қалыптастыруға септігін тигізу қажет.

Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға - Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс.
Жас таланттарды қолдау мен шыңдау Мемлекет дарынды тұлғаның аса зор қоғамдық маңызын, олардың даму мүмкіндіктері мен ашылуына неғұрлым кеңінен жағдай жасауды басшылыққа алады. Осы орайда  Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласына  байланысты  «100 кітап» Жобасы және «Әлемді кітап арқылы танимын» еніп отыр. Осы жобалар аясында кітапхана біраз іс-шаралар жоспарлап, өткізуде. Негізі жоба 2017-2022 жылдарды қамтиды. Слайд 16

«Кітапқа деген сүйіспеншілікті тудыру әрбір кітапханашының міндеті, борышы.  Жастарымыз салт-дәстүрімізді көзіміздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін болуы тиіс», деп Н.Назарбаев бүгінгі жастарды білім мен ғылымның көкжиегінен, биік асулардан көргісі келетінін айтты. Олай болса, кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыруы тиіс. Ұлттың рухани сауаттылығы кітап оқуға тікелей байланысты екенін ұмытпайық! Болашақтың іргетасын бірге қалайтынымызға сенейік!, -деп сөзімді қорытындылағым кеп отыр. Зейін қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!

 

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру