детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 65 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1027755
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
153
118
271
3663
3345
1010257
1027755
Ваш IP: 3.129.210.17
Время на сервере: 07-05-2024 21:11:40

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы – жастар саясатының әлеуеті» республикалық ғылыми-практикалық конференциясының

РЕЗОЛЮЦИЯСЫ

 

«Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы – жастар саясатының әлеуеті» атты ғылыми-практикалық конференциясы 2017 жылдың 28-29 қыркүйек аралығында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының базасында өтті.

Конференция жұмысына: Алматы қаласы, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, барлығы 7 облыстан және Жамбыл облыстық, аудандық, ауылдық, сонымен қатар қалалық және мектеп кітапханаларының директорлары, меңгерушілері және кітапханашылары қатысты. Қатысушылардың сапалық құрамына келсек, 12 кітапхана директорлары мен орынбасарлары, 25 бөлім меңгерушілері қатысты. Жалпы қатысушылар саны 250 болды. Конферецияда барлығы 15 баяндама тыңдалып, тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, кітапхананың ағарту, білім беру сияқты миссиялары талқыланды.

Конференция жұмысы пленарлық отырыс, секциялық жұмыс, дөңгелек үстел режимдерінде өтті.

Конференция жұмысымен қатар:

-өлкетану;

-библиография;

-Печа-Куча форматындағы пікірталас алаңдары жұмыс жүргізді.

Конференция жұмысына қатысушылар, басты мәселе «Кітапханалық жобалар», «Жобалық тапсырыстар фандрайзингі», «Бала тәрбиесіндегі балалар мен жасөспірімдер кітапханасының рөлі», «Цифрлық дәуірдегі кітапхананың жаңа функциясы мен сапасы» туралы әңгімелер қозғады.

Бизнес секторлары мен коммерциялық емес ұйымдармен диалог орнатып, олардан демеушілік қолдау тауып, кітапхана мәртебесін, кітапханашы кәсібін көтеру мәселесі де шетте қалмады.

Сонымен қатар, конференция аясында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына Д.А.Қонаевтың есімі берілуіне орайластырылған «Дәуір данасы» атты тұсаукесері өтті. Бұл іс-шара дәстүрге айналған «Кітапхана түні» квест-шоуымен жалғасты.

Өскелең ұрпақтың сұраныстарын ескере отырып, кітап пен оқуды қоғамға жеткізудің жаңа форматтарын қолдану аясы жан-жақты қаралып, осы іспеттес конференциялар басқа өңірлерде де ұйымдастырылып, кәсіби мәселелерді, кәсіби ортада талқылап, кітапхананың даму перспективаларын, шешімдерін табу жақсы дәстүрге айналады деген сенім білдірді. Республика бойынша балалар мен жасөспірімдер кітапханаларына басшылық жасап отырған орталықтың болмағандығынан, бұл міндетті Алматы қаласының мәдениет және архив басқармасының қолдауымен Алматы қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйсіне біріктірілген С.Бегалин атындағы балалар кітапханасы мен Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханаларына міндеттеу ұсынылды (бұрынырақ республикалық статустары болған).

Кітапхана жұмысының басты бағыттарының бірі, өлкетану жұмысы болып табылады. Мемлекеттік «Туған жер» бағдарламасын ілгерілету мақсатында балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жасөспірімдердің рухани және адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру орталығы ретінде жұмысын жандандырып, дамыту қажет.

Конференцияға қатысушылар алғыс білдіре отырып, Мәдениет және спорт министрлігінің балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының бала мен жасөспірім дамуындағы өзекті факторы, тәрбие платформасы, толеранттық тәрбие беруші мекеме болғандығынан қолдау табатынына кәміл сенімді.

Конференция жұмысы туралы «Jambyl.tv» телеарнасының кешкі жаңалықтарында (28.09.2017ж.); «Qazaqstan» ұлттық арнасының «Елден хабар» бағдарламасында берілді; басқарма сайтында (29.09.2017ж.), Facebook әлеуметтік желісінде (28.09.2017ж.) кітапхана сайтында (02.10.2017ж.) жарияланды; облыстық «Ақ жол» газетінде (30.09.2017ж.№110) жарияланды, «Жамбыл-Тараз» газетіне мақала (04.10.2017ж.) шығады.

Сонымен қатар іс-шараға «Ғұмыр дария», «АРстан» және «Магнолия» газеттерінің тілшілері де қатысты.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру