Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығында Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының «Жас қаламгер» клубының жетекшісі – Баймбетова Асель «Сырлы сөз» үйірмесінің оқушыларымен клуб отырысын өткізді.

Клуб отырысында жұмыстың бағыты мен жалпы ережелері қарастырылып, 2025 жылдың жоспарымен танысып, клуб белсендісі мен оның мүшелері сайланды.

<> Бекітілген жоспар бойынша 21 наурыз – Дүниежүзілік поэзия күніне арналған «Өлең – өнер пернесі» тақырыбындағы іс-шараның дайындық жұмыстары талқыланып, клуб мүшелеріне арнайы тапсырмалар берілді.

joomline.net