Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында оқырмандарға Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру мақсатында 21 наурыз – Дүниежүзілік поэзия күніне орай «Жас қаламгер» клубының ұйымдастыруымен «Өлең, мен сені аялап өтем!» тақырыбында әдеби поэзия кеші өткізілді.

Әдеби поэзия кешінде Қадыр Мырза Әлі туралы бейнебаян көрсетіліп, оқырмандар ақынның «Балдырған» журналында жарияланған өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

№62 орта мектебінің музыка пән мұғалімі – Сексенбаев Мейіржан Ш.Қалдаяқовтың «Сыған серенадасы» әнін әуелете шырқаса, «Мерзімді басылымдар» секторының кітапханашысы – Баймбетова Асель «Елі қадірлеген Қадыр» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасады.

Оқырмандар ақынның шығармашылығынан өлеңдерді жатқа оқып, «Қадыр Мырза Әлі» сөзіне жасырылған сөзжұмбақты шешті. Кеш Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әнімен аяқталды.

joomline.net