Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «мен, сен, ол, бәріміз – тұтас елдің сәніміз!» атты спорттық эстафета ұйымдастырды.

 

     Салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында деннің саулығына септігі зор шыңықтыру процесінің ең маңыздысы спорт екенін алға тартқан кітапхана ұжымына өзара спорттық жарысқа белсене кірісті. 7 бөлімнен бастау алған сайысқа кітапхана директоры Гульфайруз Інкәрбекова, директордың орынбасары Жанат Айтжанова және «Жамбыл –Тараз» газетінің тілшісі Құралай Сейсенбекқызы қазылық етті.

     Командалар жеті кезең бойынша сайысқа түсті. Алғашқы «Мұртты кенгуру» кезеңінде ойыншылар карандашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп барып, есеп шығарады. Екінші «Пингвин» бөлімінде пингвин жүрісімен межеге дейін допты құлатпай апару қажет болды. Үшінші ойын «Теннис шарымен  жүру» деп аталда. Бұл кезеңде қатысушалар теннис шарымен жүгіріп, жалауды айналып шықты. «Секіртпемен жүгіру» айналымында кедергілерге төтеп беріп, секіру жүру арқылы сынға түсті. «Ептілік сайысында»  шелектегі суды қасықтап апарып, ыдысқа толтыру міндеттелді. Ал «Қаппен секіру» кезеңінде ойыншылардан қапты аяғына киіп, секіріп жүру талап етілді. Шымыр болмысының күштілігі мен ептілігін танытқан үміткерлер үшін ең соңғы «Себетке доп лақтыру» сайысы ең қиын әрі шешуші кезеңге айналды. Қашықта тұрып, себетке допты дәл тигізу ойыншылар үшін оңайға соқпады. Бұл кезеңде бір ғана «Спорт» командасы нысанаға допты дәл тигізіп, І орын биігінен көрінді. ІІ орын «Жастар» командасына бұйырса, ІІІ орынды «Тұлпар» тобы тізгіндеді.   

Дархан Д.  Бәріміз біргеміз! [Мәтін]  

 /Д.Дархан. //Жамбыл-Тараз.-2017.-  3 мамыр  (№18).-15 б.